Сатылап өскен маман

image.png

Еңбек — адамның өмірлік маңызды қызметі әрі қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізі болып табылады. Қазіргі кезеңде де, тарихи тұрғыдан алғанда да, еліміздің әлеуметтік-экономикалық прогресі еңбек адамдарының қажырлы және табанды еңбегімен тығыз байланысты.

Еңбек адамы деп өндіріс пен қызметтің әртүрлі саласында еңбектенетін, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны айтамыз. Олар — ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім, медицина, транспорт және басқа да салаларда жемісті еңбек ететін қарапайым және жоғары білікті мамандар. Олардың кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына айрықша үлес қосуда. Еңбек адамы – өндірісте сатылап өсіп, қарапайым жұмысшыдан бір ұжымды басқаруға дейін өскен нағыз мамандарды айтамыз. Сондай жанның бірі, өндіріс саласында табанды еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен танылған азамат  — Қарабаев Саматулла.

Ол 1969 жылы 15 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам станциясында дүниеге келген. 1976 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепке барып, 1986 жылы орта білімін аяқтаған соң, сол жылы Жамбыл технологиялық институтының механикалық факультетіне оқуға түсіп, 1993 жылы жоғары оқу орнын тәмамдайды.

1987–1989 жылдары аралығында Кеңес армиясы қатарында әскери борышын абыроймен өтеген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкентмай» АҚ-ында слесарь-жөндеуші ретінде бастаған Саматулла мырза өзінің еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында қысқа уақыт ішінде кәсіби тұрғыда өсе білді:

2008 жылы — механик қызметіне ауыстырылды;

2010 жылы — экстракция цехының аға шебері болып тағайындалды;

2012 жылы — цех бастығының орынбасары қызметін атқарды;

2017 жылдан бастап — экстракция цехының бастығы ретінде ұжымды басқарып келеді.

Бүгінде Саматулла Карабаев — 23 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ол тек кәсіби салада ғана емес, отбасы өмірінде де үлгілі азамат. Үш бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде бір немеренің ардақты атасы.

«Өз ісімді шын сүйемін. Осындай үлкен ұжымда еңбек ету — мен үшін үлкен мәртебе», — дейді Саматулла мырза.

Мұндай еңбек адамдары — ел экономикасының берік тірегі, жас мамандарға бағыт көрсететін нағыз өмір мектебі.

Еңбек адамы — елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының негізі. Олардың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегі ел дамуының кепілі болып табылады. Сондықтан еңбек адамдарының еңбегі әрқашан жоғары бағаланып, қолдау көрсетілуі тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер