Еңбек адамын дәріптеу мен қорғауға басты назар аударылуда

image.png 

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының мүшелерімен кездесу өткізді. Жиынға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы және ұйымның белсенді мүшелері қатысты.

Кеңейтілген отырыс барысында кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, алдағы жоспарлар белгіленді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

-  «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы жұмыстар. Бауыржан Әлтеев биылғы жылдың басты мақсаты еңбек адамының мәртебесін арттыру екенін атап өтті. Ол «Қызмет» кәсіподағының мемлекеттік қызметшілер мен коммуналдық сала қызметкерлерінің беделін көтеруге қосқан үлесінің маңыздылығын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға шақырды.

-  «Ынтымақ жүгірісі» – кәсіподақтардың спорттық бастамасы. Жиында алдағы уақытта Дендропаркте өтетін «Кәсіподақ RUN 2025» атты жаппай жүгіру жарысының ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл іс-шараға «Қызмет» кәсіподағының мүшелері де белсенді қатысып, кәсіподақтардың бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттаудағы рөлін көрсетуі тиіс екені айтылды.

-  «Таза Қазақстан» акциясы: қоршаған ортаға қамқорлық. Кәсіподақтар ғимараты орналасқан аумақтағы сенбілікке қатысу мәселесі де қаралды. Бұл шара әрбір кәсіподақ мүшесінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашырлық танытуға үндейді.

-  Өзге де жұмыс мәселелері. Отырыс барысында ұйым мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарттардың орындалуын қадағалау және заңнамалық өзгерістерге байланысты мәселелер де кеңінен талқыланды.

Бұл басқосуда кәсіподақтардың 120 жылдық тарихына, еңбек адамының қоғамдағы рөліне және бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ол өз сөзінде: «Кәсіподақтың 120 жылдық тарихы – бұл еңбек адамдарының күресі мен жетістіктерінің тарихы. Біз бұл мерейтой арқылы жастарға кәсіптің қадірін, еңбек әулеттерінің өнегесін жеткізуді мақсат етеміз», – деді.

Бауыржан Әлтеев кәсіподақтардың еңбек адамын қорғаудағы маңыздылығын айта келе, бірлесіп жұмыс істеудің және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Кездесу өзара түсіністік пен ашық диалог атмосферасында өтті. Қатысушылар бұл жиынның алдағы уақыттағы жұмыстарға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттік ұстаздар медаль тағынды
  • Тағдырға мойымаған чемпион
  • Болашақ аспаздар мамандықтарын ұлықтады
  • Шымқаланың студенттері оқ бойы озық шықты
  • Ағаштарға күтім жасау - оның сүйікті ісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер