Сағынтаев тың жобалармен танысты

320.jpg

2020 жылы Шымкент әуежайының жаңа терминалы мен теміржол вокзалының ғимараты бой көтермек. Бұл жобаға сәйкес қазір қала әкімдігі «SCAT» компаниясының қаражаты есебінен жаңа терминал салу бойынша келісім жасаған. Нақты айтсақ, «SCAT» авиакомпаниясы 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақ. Ал жаңа вокзал бойынша құрылыс жұмыстарын «Қазақстан теміржолы» компаниясы өз жауапкершілігіне алып отыр. Бұл туралы жақында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қала әкімдігінде өткен жиында айтылды. Шаһарға іс сапармен келген Үкімет басшысы  қаланың ірі серпінді жобалары, алға қойып отырған мақсат-міндеттерімен  танысып,  шымкенттіктерді еліміздің үшінші мегаполисі атанған тарихи оқиғамен құттықтады. Бұл жаңалық шаһарды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әр қалалықтың өміріне жаңа серпін беретінін атап өтті. «Шымкент жаңа мегаполис болып жатыр. Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық мәртебе берілді. Бұл – үлкен жауапкершілік. Енді қалада біраз өзгерістер болады. Жаңа жұмыс орындары көбейеді, қаланың инфрақұрылымы жаңарып, инвестицияға жол ашылады, бір сөзбен айтқанда жұмыс ауқымды бола түседі, – деді кіріспе сөзінде Үкімет басшысы. Бұдан соң Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет мүшелерінің алдында шаһарда жоспарланып отырған жобаларды таныстырды. «Өздеріңіз білетіндей, Елбасымыз 19 маусымда Шымкент қаласына республикалық мәртебе беру бойынша Жарлыққа қол қою рәсімінде Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналдыруды тапсырды. Сонымен қатар, өзіңізге белгілі, Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып анықталды», – деді шаһар басшысы.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер