Үздік тауарлар анықталды

852.jpg

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай «Өңірлік өнімдері-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі өтті. Облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде өңірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды. Көрмеге Шымкент және Түркістан облысының 200-ден астам тауар өндірушілері мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тауар өндірушілер қатысуда. Аталған шараға алғаш рет костюмдер мен ерлерге арналған киім тігетін, киім шығаратын және тұрмыстық химия шығаратын осы сынды 15 жаңа компания өз өнімдерін алып келген. Екі күндік көрменің ашылу салтанатына  Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Астана, Атырау, Тараз қалаларының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы басшылығы мен басқа да өңірлердің кәсіпкерлері қатысты.

    Отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Қазақстан  - Дүниежүзілік Сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одағына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болып табылатынын айтып, өңір кәсіпорындары халықаралық және экологиялық стандарттар талаптарына сай келетін өнімдер шығаруы қажет екенін атап өтті. Іс-шараның барысында облыс және қала әкімдері «Ордабасы құс» ЖШС-гі мен «Karlskrona LC AB» ЖШС-не өнім және кызмет көрсету саласындағы жетістігі үшін ТМД сыйлығын табыстады. Бұдан бөлек шарада «Қазақстанның үздік тауары» атты байқау-көрмесі өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Конкурсқа кәсібін жаңа бастаған және танымал отандық тауар өндірушілер қатысуда, олардың арасында «Мадлен», «Ордабасы құс», «ВизИТ»,  «Рауан», «Алтын дән», «ШФ Гаухар», «Барыс-2007», «Амангелді», «Карлскрона», «Зерде керамика», КТЗ, «Бал текстиль», «Назар текстиль», «Azala», «Планта», «Айкан» және т.б. кәсіпорындар бар.

Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі критерийлерімен бағалайтын тәуелсіз сарапшылар үш номинация бойынша қатысушыларды іріктеді. Атап айтқанда «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысуға жолдама алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер