Шымкентте Иранның үшінші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді

image.png       

 Шымкент қаласы алдағы күндері халықаралық деңгейдегі маңызды экономикалық оқиғаның куәсі болмақ. 12–15 қазан аралығында мегаполистің Халықаралық көрме орталығында Иран Ислам Республикасының үшінші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы брифинг барысында мәлімдеп, көрменің өңірлік және халықаралық маңызына тоқталды.

        Оның айтуынша, аталған көрме тек сауда алаңы емес, екі ел арасындағы сенімді әріптестіктің символы, өзара экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын маңызды платформа. Көрмеге инженерлік, техникалық, сауда және өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін жетекші ирандық компаниялар қатыспақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биылғы көрме көлемі айтарлықтай кеңейіп, қатысушы елдердің саны мен ұсынылатын өнімдер ассортименті де көбейген. Шара барысында келушілер ирандық өндірістің түрлі бағыттарымен, соның ішінде машинамен тоқылған кілемдер мен тоқыма бұйымдары, тағам өнімдері, сүт және құрғақ сүттен жасалған тағам түрлері, тұрмыстық химия мен косметика, құрылыс материалдары мен полимерлі құбырлар, болат және алюминий өнімдері сияқты салалармен таныса алады.

       Сонымен қатар, жиһаз, тұрмыстық техника және интерьерге арналған заманауи шешімдер де ұсынылмақ. Логистика мен транзит, сауда қызметтері және мұнай-газ, энергетика бағытындағы заманауи технологиялар да көрме назарынан тыс қалмайды. Мұның бәрі Иран өнеркәсібінің жан-жақты дамып келе жатқанын және Қазақстан нарығымен әріптестікке дайын екенін көрсететін айқын дәлел.

        Көрме жұмысына Иранның сауда палатасы, «Нуре Тус» экспорты басқару орталығы, сондай-ақ екі елдің іскерлік қауымдастықтары қатысады. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін бұл  ирандық серіктестермен тікелей келіссөз жүргізіп, өзара тиімді әріптестік орнатуға мол мүмкіндік. Іс-шара барысында іскерлік кездесулер, таныстырылымдар, жәрмеңке форматындағы көрмелер және инвестициялық жобаларды ұсыну сессиялары өткізіледі.

      Мамандардың пікірінше, Иранның Шымкентте өткізгелі отырған көрмесі екі ел арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтереді. Ирандық өнімдер бүгінде Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие, ал қазақ кәсіпкерлері үшін Иран – Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс нарығына шығудың тиімді қақпасы саналады. Бұл тұрғыда Шымкент қаласы географиялық және экономикалық тұрғыдан маңызды рөл атқарып отыр.

         Көрме күндері келушілер тек экономикалық бағыттағы ұсыныстармен ғана емес, иран халқының мәдениетімен де жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болады. Шара аясында ұлттық тағамдар көрмесі, мәдени таныстырылымдар мен екі елдің достығын дәріптейтін шығармашылық бағдарламалар ұйымдастырылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Президент жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Әлеуметтік масылдықпен қалай күресеміз?
  • Құтыру – емі жоқ дерт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер