Мақсатқа жетелеген маңдай тер

image.png

Әрбір табыстың артында маңдай тер мен қажырлы еңбектің ізі жатады. Өмірдің ең үлкен мектебі – еңбек. Сол мектептің сын сағаттарынан сүрінбей өтіп, өз ісіне адалдықпен берілген жандар ғана шынайы құрметке лайық. Бүгінгі мақаланы осындай азаматтардың біріне  арнаймыз. Шыңғыс Оспаналиев  қарапайым жұмысшыдан бастап, бүгінгі күнде ұжым арасында беделі жоғары, тәжірибесімен бөлісіп жүрген маманға айналған.

        Ол 1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына түсіп, 2000 жылы «құрылыс инженері» мамандығын тәмамдады. Бала кезінен техника мен жобалауға қызыққан Шыңғыс Оспаналиев   оқу барысында өзін ұқыптылығымен, есепке жүйріктігімен және нақты ойлау қабілетімен танытты. Жас инженер ретінде әр істі сапалы орындауды мақсат тұтты, бұл қасиеті кейін кәсіби табысының кілтіне айналды.

       Білімін тереңдету мақсатында ол 2003–2006 жылдары «Қайнар университетінде» заң мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Техникалық және құқықтық білімді ұштастыра білген Шыңғыс Оспаналиев   басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдірді. Бұл таңдауы оның кәсіби көкжиегін кеңейтіп, шешім қабылдаудағы әділдігі мен нақтылығын қалыптастырды.  

      Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласындағы «Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жол шебері болып бастаған ол қарапайым жұмысшыдан тәжірибелі маманға дейінгі деңгейге көтерілді.  2002 жылы Шыңғыс Оспаналиев   Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында әскери қызмет атқарды. Әскери борышын өтегеннен кейін ол ел тыныштығын қорғау ісіне бет бұрып, 2003 жылдан 2011 жылға дейін Астана қаласының ішкі істер департаментінде қызмет етті. 

       2011 жылы ол  басқа салаға ауысып, «Астана Тазарту таза қала» ЖШС-де жол қозғалысы қауіпсіздігі инженері қызметін атқарды. Мұнда ол қалалық инфрақұрылымдағы қозғалыс тәртібін жүйелеу, жол мәдениетін қалыптастыру, тұрғындар қауіпсіздігін арттыру бағытында жемісті еңбек етті. Әрбір жобада кәсібилігі мен ұқыптылығы байқалды.

     2018 жылдан бері «Корпорация «Береке А» ЖШС-де бас директордың орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол бұл лауазымда өндірістік процестерді тиімді басқару, кадрлық саясат пен стратегиялық жоспарлауға ерекше назар аударып, ұжым бірлігі мен жұмыстың нәтижелілігіне басымдық беріп келеді. Бүгінде ол өз тәжірибесі мен білімі арқылы ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті. Бұл – “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидатына толық сай келеді. Біз еңбекқорлық пен кәсібилікті жоғары бағалауымыз керек», – деген болатын. Осы сөздің мағынасын іс жүзінде дәлелдеп жүрген азаматтардың бірі, осы Шыңғыс Оспаналиев. Ол өз кәсібін сүйіп, еңбегі арқылы қоғам игілігіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Президент жолдауы: көлік-логистика – Қазақстан экономикасының стратегиялық бағыты
  • Әлеуметтік масылдықпен қалай күресеміз?
  • Құтыру – емі жоқ дерт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер