Гүлдің бабын тапқан бағбан

  image.png 

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еңбек адамының ел үшін, қоғамның дамуы үшін айрықша маңызын үнемі айтып келеді. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президентіміз: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деп атап көрсетті.

      Дәурен Қыдырбаев – бағбан, жауапты және еңбекқор маман. Шымкенттік тұрғын өмірінің 15 жылын бау-бақшаға арнап келеді. Жерге деген сүйіспеншілік пен еңбектің қадірін дәлелдеген кейіпкеріміз — шынайы еңбек адамы. Қазіргі таңда ол жылыжайда гүлдердің бірнеше түрін өсірумен айналысады.  Жылыжай кәсібі — үлкен жауапкершілік пен тұрақты еңбекті талап етеді. Мұнда жұмыс бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Себебі гүлдер де бала секілді үнемі қамқорлықты, күтімді қажет етеді. Күн сайын таңсәріден жылыжайына асығатын Дәурен өз ісіне махаббатпен, жауапкершілікпен қарайды. «3,5 гектар аумаққа Голландиялық гүлдер еккенмін. Мақсатым еліміздің экспортына үлес қосу. Гүлді өсіруге 1,5 жылдай уақыт кетеді. Осы жылыжай ісін бастағанымда небәрі 3 түрлі  гүл өсірдім. Қазір гүлдердің түрі 70-ке таяп қалды.  Жалпы бағбандықпен айналысып жүргеніме 15 жылдай уақыт болды. Ал гүл өсуруді 2018 жылы бастадым. Қазақстан нарығында жоқ гүлдерді өсіріп жатырмын. Оның ішінде Голландиялық гүлдерден басқа Қытайдан да көшеттер алдырттым. Енді алдағы уақытта оларды нарыққа шығаратын боламын. Гүл өсірдің басты құпиясы көшетін немесе тұқымын әкелген соң оны жерсіндіру қажет. Яғни жергілікті климатқа, ыстығы мен суығына және топырағына бейімдеп аламыз. Сондай-ақ,  гүлдер күн сайынғы күтімді қажет етеді. Яғни бағбан болу бұл - еріншектікті, жалқаулықты жақтырмайтын кәсіп. Ең бастысы бағбан өз ісін шынайы жақсы көріп істеуі керек. Сонда ғана өнімі жеміс береді»,- дейді бағбан. Оның айтуынша гүлге сұраныс ерте көктемде артады екен.

      Дәурен гүл өсірудің қыр-сырын шетелдік агрономдардан арнайы үйреніп келген. Қазір өзгелерге де үйретуді мақсат етіп отыр. Қызғалдақтың отаны Шымкент қаласын гүлмен көмкеріп отырған кейіпкеріміздің жылыжайында бүгінде 35 адам еңбек етеді. Жылыжайда жұмыс істеу жәннатпен тең дейді олар. Еңбектің ауырығына қарамастан жайқалған гүлдердің арасында тірлік қылу ерекше сезім сыйлайды дейді жұмыскерлер. 

     Бағбан – жердің тілін табатын, ел ырысын өсіретін еңбек адамы. Әрбір жеміс пен көкөністің артында маңдай тері мен тынымсыз тірлік жатыр. Еңбегімен елге ризық болған бағбандарға алғыс білдіреміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына жастарды баулу маңызды
  • Өндірісті өрге сүйреген маман
  • Гүлдің бабын тапқан бағбан
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Қ.Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер