Тәртіп пен талапты жоғары қоятын маман

image.png

Ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар көшін механиктер, слесарь, электрик және инженер-техниктер бастап тұр. Себебі  ел экономикасының көптеген салаларында тап осы  мамандардың біліктілігі қажет. Олар технологиялық процестердің тиімділігін арттыруға, жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және апаттық жағдайлардың алдын алуға жауапты.

Еркімбаев Бақтияр Махамеджанұлы – магистралды құбырларды пайдалану саласында 18 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Қазіргі таңда ол «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының магистралды құбырларды пайдалану бөлімшесінде 5-дәрежелі слесарь ретінде еңбек етіп келеді. Слесарь - бұл тек техникалық дағдыларды меңгерген маман ғана емес, сонымен бірге қоғамның дамуына және техника мен өндіріс саласының тиімді жұмыс істеуіне өз үлесін қосатын маңызды маман.

2007 жылдан бері осы бөлімшеде жылу жүйелеріне қызмет көрсетуші слесарь ретінде абыроймен жұмыс атқарып келеді. Өз ісіне адал, техникалық процестерді жетік меңгерген, жауапкершілігі жоғары маман ретінде ұжым арасында зор беделге ие. Мекемеге келген жас мамандарды да қанатының астына алып, білгенін үйретіп жүрген тәжірибелі маман. 

Бақтияр Махамеджанұлы – өндірістегі тәртіп пен талапты бірінші орынға қоятын, тәжірибесімен бөлісе алатын шынайы еңбек адамы.

Оның шеберлігі мен тәжірибесінің арқасында сантехникалық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуде. Слесарь мамандығы үлкен шеберлікті, ұқыптылықты және жауапкершілікті талап етеді, себебі техника мен өндірістің тоқтаусыз жұмысы тікелей оның еңбегіне байланысты.  Слесарь - механикалық құрылғылар мен машиналарды құрастыру, жөндеу, сақтау және монтаждау жұмыстарын атқаратын адам. Оның жұмысы өнеркәсіптік өндірістен бастап тұрмыстық қызмет көрсету саласына дейінгі әртүрлі бағытта маңызды рөл атқарады.

20 жылға жуық  осы саланың тізгінін ұстаған бүгінгі кейіпкеріміз Бақтияр Махамеджанұлының еңбек жолы – кәсібін сүйген және бар күшін арнаған жанның еңбегі әрқашан бағаланатынын көрсетеді.  Біз өз ісінің нағыз шеберіне айналған осындай қызметкерлерді мақтан тұтамыз.

Жұмысшы мамандықтар – елдің тыныс-тіршілігін қалыптастырып тұрған көзге көрінбейтін, бірақ сезілетін күш. Бүгінгі күні дәнекерлеуші де, шебер тігінші де, құрылыс басындағы жұмысшы да – қоғам үшін таптырмас тұлға. Өз нәсібін арам жолмен емес, адал маңдай тері арқылы табу адам баласының ең асыл қасиеттерінің бірі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шағын және орта бизнес көлемі өсуде
  • Салық реформасы – экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі
  • Тәртіп пен талапты жоғары қоятын маман
  • Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына жастарды баулу маңызды
  • Өндірісті өрге сүйреген маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер