Еңбек адамы – адал еңбегімен, маңдай терімен нәпақа тауып, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген адам. Ол – ел экономикасын дамытатын, ұрпаққа өнеге болатын тұлға. Еңбек адамы қиындықтан қорықпай, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, елі мен жерін сүйеді. Оның еңбегі – қоғамның дамуы мен тұрақтылығының кепілі. Еңбек адамы – Қарапайым еңбек иелерінің маңдай тері – еліміздің дамуының кепілі. Олар – жерге дән сеуіп, егін оратын дихан, балға ұстап, үй салатын құрылысшы, қаланы таза ұстайтын тазалықшы, темір ұстап, машина жөндейтін слесарь. Олардың еңбегі – ұрпаққа үлгі, қоғамға қуат береді.
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл — өндіріс игілігі үшін күн сайын адал еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі. Қала халқына жылудың үздіксіз жетуі, тұрмыс-тіршілігінің бірқалыпты болуы - коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің табанды еңбегінің арқасы. Солардың бірі - Унгаев Джалиль Қалибайұлы – магистралды құбырларды пайдалану саласында он жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Қазіргі уақытта ол «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының магистралды құбырларды пайдалану бөлімшесінде 5-дәрежелі слесарь ретінде табысты еңбек етіп келеді.
Еңбек жолын 1987 жылы «Узбекбургаз» құрамындағы Бұхар бұрғылау жұмыстары басқармасында 4-дәрежелі жөндеуші слесарь болып бастады. 1997–2011 жылдар аралығында Бұхар мұнай өңдеу зауытында механикалық жөндеу цехында 5-дәрежелі слесарь ретінде жұмыс істеді. 2013–2015 жылдары «ГХ ЧимкентГаз» ЖШС құрамында түрлі өндірістік міндеттер атқарды. 2015 жылдан бері «Қуатжылуорталық-3» МКК-де тұрақты еңбек етіп келеді.
1989–1992 жылдары А.К. Кортунов атындағы Бұхар газ өнеркәсібі техникумында техник-механик мамандығын меңгерген.
Көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі арқасында Джалиль Қалибайұлы әріптестері арасында зор беделге ие. Ол – адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі.
Апатты жағдайларда, аптап ыстықта, тәуліктің қай мезгілінде де ол әрдайым жұмыс орнынан табылады. Бұл - жай ғана жұмыс емес. Бұл адал еңбекпен бөленген абырой биігі. Джалиль Қалибайұлы секілді қарапайым еңбек адамы – елдің тірегі, халықтың шынайы мақтанышы.