2025 жылғы 14 қазанда Шымкент қаласындағы Тәшенов университетінде Абай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Іс-шараға аудан ардагерлері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 150-ге жуық адамды құрады.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, ел дамуының басым бағыттары жөнінде пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, жасанды интеллект дәуірінде жас ұрпақты тәрбиелеу және ұлттық руханиятты нығайтудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев өз сөзінде: «Бүгінгі жиында біз Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын талқылап отырмыз. Президент Жолдауын үстірт шолып өтпей, оның әрбір бастамасын терең түсініп, күнделікті қызметімізде басшылыққа алуымыз қажет. Бұл құжатты еліміздің болашағын айқындайтын басты бағдар ретінде қарауымыз керек. Президент Жолдауында: "Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет" – деп атап өтті. Бұл бастама Қазақстанның цифрлық дамуын жеделдетіп, әрбір саланы инновациялық шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында жасанды интеллекттің әлеуетін толық пайдалану елімізді бәсекеге қабілетті, тиімді әрі заманауи экономикасы бар мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және азаматтық сектор жаңа технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруға және өндірістік процестерді жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Қазақстанның дамуы – әрбір қазақстандықтың қолында, және біз тек жаңашылдық пен технологиялық прогресске сүйенген жағдайда ғана жаһандық экономикалық аренда тұрақты орын ала аламыз» деп атап өтті. Осы орайда жасанды интеллектті әр салада жүзеге асырып, ел игілігі үшін пайдалануымыз қажет. Сондай-ақ Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың жағдайын жақсарту, ауылшаруашылығы саласын дамытуда бірқатар оңды ұсыныстар айтты. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Ауылшаруашылығында ғылымды дамыту – өте орынды көтерілген мәселе. Агроғылым дамымаса ауылшаруашылығы саласы алға жүрмейді. Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктеліп отыр. Платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады. Сондай-ақ, каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат болады. Бұл – өте қажет жоба. Біз ауылшаруашылығы саласының әлеуетін әлі толық пайдалана алмай отырмыз. Саланы дамытудың маңызы өте зор. Өйткені қазақтың жаны, өзегі ауылда. Айтылған мәселелерді кешенді түрде шеше алсақ, агросекторды одан әрі дамытар едік. Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу, бәсекеге қабілетті болудың маңызы зор. Жалпы инвестиция тартуда нақты қажет салаларды анықтауымыз керек. Инвестиция тартуда да тәртіп керек екені айқындалып отыр. Мұның бәрі де дер кезінде айтылып отырған мәселелер», – деп атап өтті.
Кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу, соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуіріне бейімделу мәселелері кеңінен қозғалды.
Семинардың модераторы, «Ж.Ташенев атындағы университеті» АҚ басқарма мүшесі, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын оқу орнының басты міндеті – цифрлық сауатты ғана емес, адами қасиеттері жоғары тұлға тәрбиелеу екенін атап өтті.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі Гүлжан Дәулетбекқызы Өзінің баяндамасында Жасанды интелектті білім саласында қолданылуы жайлы және де қазіргі таңда робототехникаға қызығушы жастардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Сондай ол Болашақ мектеп жобасы аясында елімізде 150 оқу ордасы салынғанын айтады.
Мемлекет басшысының Жолдауы – жаңа кезеңнің, тың серпіннің бастауы. Онда елдің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, ауыл мен қала арасындағы теңгерімді дамыту, білім мен денсаулық саласын жетілдіру сынды маңызды міндеттер айқындалған.Шара жауаптыларының айтуынша осындай жүздесулер алдағы уақытта барлық аудан мен білім ордаларында жалғасын тауып, халық арасында Жолдаудағы мақсаттардың кеңінен жүзеге асуына ықпал етпек.
Семинар барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында көтерілген адами капиталды дамыту мәселелерін, ұлттық тәрбие мен заманауи технологияларды ұштастыру жолдарын талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар жас ұрпақтың рухани дамуы мен цифрлық сауаттылығын қатар жетілдірудің маңызын атап өтті. Tashenev University білім мен тәрбиені, инновация мен дәстүрді ұштастыратын білім ордасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қатысушылар Мемлекет басшысы алға қойған үш жыл ішінде ел экономикасын нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.