Шымкенттегі фармацевтикалық өндірісті дамыту мәселелері талқыланды

image.png

      Мемлекеттің толық егемендікке ие болуында экономикалық тәуелсіздіктің маңызы зор. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнбеуі үшін отын мен жанар-жағармайдың, жалпы, энергияның кемінде 70 пайызы, азық-түліктің 50 пайызы және жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен дәрі-дәрмектің 30 пайызы өз елімізде өндірілуі шарт. Демек, фармацевтика – экономикадағы стратегиялық маңызға ие сектордың бірі. Бүгінгі күні елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19 отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан. Соның бірі - «Химфарм» ЖШС. 

    Осы орайда  Шымкент қаласының әкімі «Химфарм» ЖШС-нің бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті. Кездесу барысында Шымкенттегі фармацевтикалық зауыттың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды.

     Тараптар зауыттың өндірістік қуатын жаңғырту, заманауи технологиялық шешімдерді енгізу және отандық дәрі-дәрмек өндірісін арттыру мәселелерін кеңінен талқылады. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек бағасын реттеу, бағаның өсуін тежеу және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы отандық препараттармен қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шараларға да ерекше назар аударылды.

     Кездесу барысында қала әкімі мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрі тұрақты әріптестігі фармацевтика саласын дамытуда аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ішкі нарықты нығайтып қана қоймай, қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға да септігін тигізетіні айтылды. Шымкент қаласы әкімдігі салада қолға алынатын бастамаларға қолдау көрсетуге және отандық фармацевтикалық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді.

     Айта кетейік,  осыдан 3 ай бұрын Шымкент қаласының өндірістік алаңында Polpharma Santo компаниясының жаңа бренді салтанатты түрде таныстырылған болатын.  ЕО GMP сертификатын алу және Polpharma Santo брендін іске қосу компанияның ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы бүкіл фармацевтикалық индустрияның дамуының маңызды кезеңі. Жаңа бренд – компания  ұстанатын ең жоғары сапа стандарттарының көрінісі. Бүгінде Қазақстанда өндірілетін дәрі-дәрмектер Еуропалық Одақтағы өнімдер сияқты талаптарға сай келеді. Жалпы  елімізде қолданылатын дәрілердің әрбір бесінші пакеті Шымкенттегі зауытта шығарылады. Қалада құны 20 миллион доллар тұратын Инновация және сапа орталығы іске қосылып жатыр. Жалпы инвестиция көлемі 130 миллион АҚШ долларынан асады. Polpharma Group Орталық және Шығыс Еуропада, Кавказда және Орталық Азияда ұсынылған Польшадағы фармацевтикалық нарықтың көшбасшысы. Polpharma 5600-ден астам қызметкерді біріктіретін және 500-ден астам дәрі-дәрмек ұсынатын 20 үздік әлемдік генерик өндірушілердің қатарына кіреді. Портфолио 12 терапевтік бағытты қамтитын 280-ден астам дәрілік заттарды қамтиды. Соңғы 14 жыл ішінде компания өндірістік желілерді кешенді жаңғыртудан өтті.

      Еске сала кетейік, ҚР дәрілік заттарды көтерме саудасындағы субъектілердің саны – 293, қоймалардың саны – 362. Оның ішінде, Алматы қаласында 187 қойма, Шымкент қаласында 38 қойма орналасқан. Сонымен қатар, еліміздің 152 ірі дистрибьюторлардың арасында Шымкент қаласында 4 дистрибьютор қызмет атқарады. («Химфарм» АҚ, «НПО Зерде» ЖШС, «Atamiras.S» ЖШС, «AK NIET GROUP» ЖШС). Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында 32 субъект, 38 объект дәрілік заттарды көтерме сауда саласында қызметті жүзеге асырады. ҚР дәріханалардың жалпы саны 8 375 құрайды. Шымкент қаласында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді 318 субъектлердің 585 объекті жүзеге асыруда. Қаламызда орналасқан дәріханалардың саны жоғары, яғни бәсекелестік деңгейі жоғары болғандықтан, басқа өңірлерімен салыстырғанда, Шымкент қаласында дәрілік заттардың бағасы төмен болып табылады. Бүгінгі таңда Департаментпен Шымкент қаласының мүдделі органдармен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында бірігіп ауқымды жұмыс атқарылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер