Жұмысшы мамандықтардың мәртебесі артуда

  image.png  

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – қоғам үшін маңызды әрі өзекті қадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған.  Ағымдағы  жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты қоғамның еңбек мәдениетін қалыптастырып, оның беделін арттыру жолында жастарды еңбекке баулу мен олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл мақсатта Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Айталық жақында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ЭкоФарм Интернейшнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өндіріс орнымен танысып, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс барысын көзбен көрді.

      2012 жылы  Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған бұл компания бүгінде 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Бұл мекеме медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруде көшбасшы болып отыр. Компанияның өндірістік алаңы 5000 шаршы метрден басталса, жаңа кеңейту жобасы бойынша 12 мың шаршы метрге дейін ұлғайған.  Қазіргі таңда кәсіпорында 200-ге жуық қызметкер тұрақты жұмыс істейді.

       Компанияның басқарушы директоры Асхат Ахметовтің айтуынша, өндірістің жылдық қуаттылығы – 290 миллион дана өнім. Қазіргі таңда өндіріс орны  460 түрлі медициналық бұйым өндіреді.  Атап айтқанда, вакуумдық пробиркалар, стерильді инелер және өзге де өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіліп, ішкі нарықты қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта аталған өнімдерді шетел нарығына шығару да жоспарланып отыр. «Бастапқыда ашылған кезде 57 түрлі атаумен медициналық бұйым шығарсаұ, қазіргі таңда ассортиментті кеңейтіп, 460-қа жуық медициналық бұйым шығарамыз. Өнімдеріміз еліміздің емдеу-профилактикалық  мекемелеріне жеткізіледі. Халықаралық стандлартқа сәйкес жұмыс істейміз»,- дейді компанияның басқарушы директоры Асхат Ахметов.

      Кәсіпорында тәжірибесі мол, жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Солардың бірі – сапа бөлімінің маманы Эльмира Ахшораева. Ол мекемеде он жылдан астам уақыт бойы табысты қызмет етіп келеді. "Мектеп кезінде химия пәніне ерекше қызығушылық таныттым. Осы саланы таңдап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия-технология факультетін үздік тәмамдадым. Қазіргі уақытта вакуумдық пробиркалар цехында еңбек етемін. Цех тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Менің жұмыс күнім таңғы 8:30-дан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Өндірістік ортада түрлі тосын жағдайлар кездесіп жатады. Мұндай сәттерде тез әрі нақты шешім қабылдай білу қажет. Өзім оқыған мамандық бойынша еңбек етіп жүргеніме қуаныштымын. Бұл – менің бала күнгі арманым болатын", – дейді Э.Ахшораева.

     Кәсіпорын қызметі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған. Мұнда сапа менеджменті жүйесі енгізілген. Заманауи талаптарға сай кәсіби біліктілікті арттыру – басты назарда. Сонымен қатар жұмысшы мамандық иелеріне әлеуметтік қолдау тұрақты түрде көрсетіледі. Баспасөз турының негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру және адал еңбек иелерін насихаттау. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

       Айта кетейік «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС өнімдері Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Украинаға экспортталады. Алайда қазіргі таңда компания Қазақстан нарығына толықтай қызмет көрсетіп, өндіріс көлемін арттыруды көздеуде. Компания жаңашылдыққа бейімделген. Жұмысшы мамандардың біліктілігін арттырудыда назардан тыс қалдырмаған. Бүгінде өндірістік әлеуетінің артуы, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілігі – еліміздің фармацевтика саласының алдағы жылдары табысты әрі тұрақты дамуын көрсетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Активная занятость вместо иждивенчества
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер