Шымкентте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

image.png

    Шымкент қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – Жолдауда айтылған басым бағыттарды түсіндіру және оны жергілікті деңгейде іске асыру тетіктерін қарастыру.

    Жиынға Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Shymkent Invest – Front Office директоры Дінмұхамед Зиятбеков және қала кәсіпкерлері қатысты.

   Жиын барысында Ермек Тұрманов Мемлекет басшысының Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа кезеңін айқындап берген тарихи құжат. Биылғы Жолдау ел өмірінің барлық саласын қамтып, халықтың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат етіп қойды. Президент ең алдымен әділетті қоғам құруды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды негізгі басымдық ретінде белгіледі. Мемлекет әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасап, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдарды жүзеге асырады. Жолдауда экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, инновацияны енгізу – ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыратын маңызды тетіктер. Бұл шаралар елімізді жаһандық бәсекелестікте жаңа деңгейге шығарады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы  жаһанда инвестиция үшін тартыс күшейіп бара жатқанын, сондықтан елімізде жаңа инвестициялық кезеңді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызы зор екенін атап өткені белгілі.  «Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек»,- деп атап өтті Президент Жолдауында. Ел басшысы  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қалада ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінде Шымкент қаласында өнеркәсіп, әсіресе өңдеу өнеркәсібі саласында ілкімді істер байқалады. Әкімдік тарапынан инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып отыр. Қала аумағында жалпы көлемі 1276 гектарды құрайтын 7 өндірістік алаң бар. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдап, бірлескен іс-қимыл жолдарын айқындау. Президент Жолдауы – Қазақстанның болашақтағы дамуын айқындайтын стратегиялық бағдар. Онда айтылған міндеттерді іске асыру – әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға, әділетті қоғам құруға және елімізді жаңа белестерге жеткізуге жол ашады», – деді Е.Тұрманов.

     Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев отандық тауар өндірушілердің сертификаттауға қатысты мәселелерді түсіндірсе, Shymkent Invest – Front Office директоры Дінмұхамед Зиятбеков инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты сұрақтарға жауап берді.

    Іс-шара кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалогтың орнауына мүмкіндік беріп, Жолдауда көзделген экономикалық міндеттерді жергілікті деңгейде жүзеге асырудың нақты бағыттарын айқындауға жол ашты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер