Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған сәттен бастап елімізде еңбек адамының мәртебесі көтерілді. Президент өз Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс» деп атап өткен еді.  Бастама қоғамда еңбектің, кәсіптің қадір-¬қасиетін ұлықтауға бағытталған.  

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында еңбектің көркін қыздырып жүрген мамандар жетерлік. Солардың бірі - «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының реттеу бөлімінде реттеуші инженер қызметін атқарып жүрген Абдуллаева Баян Мұхтарқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибесі мол маман.

Баян Мұхтарқызы 1986–1992 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында «Төменгі температура физикасы мен техникасы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Мамандығына деген қызығушылығы мен еңбекке деген құлшынысы оны әрдайым кәсіби дамуға жетелеп отырды.

2006–2014 жылдар аралығында «3-Энергоорталық» АҚ-да кадр жөніндегі инспектор лауазымында қызмет атқарып, ұйымдағы кадрлық процестердің тиімді жүргізілуіне өз үлесін қосты. Ал 2017 жылдан бастап «Қуатжылуорталық-3» МКК-де реттеу бойынша инженер қызметін атқарып келеді.

Бүгінде оның бұл салада жинаған еңбек өтілі – 8 жыл. Осы уақыт ішінде ол өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен орындап, бөлімнің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етіп келеді. Әріптестері арасында беделді, ұйымшыл әрі тиянақты қызметкер ретінде танымал.

Абдуллаева Баян Мұхтарқызы – кәсібіне адал, жан-жақты дайындықты талап ететін инженерлік жұмысты асқан ұқыптылықпен және кәсіби шеберлікпен атқарып жүрген үлгілі маман.

Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Президенттің: «Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» деп атап өтуі өте орынды. Нәпақасын маңдай тер, адал еңбектен тауып жүрген бүгінгі кейіпкеріміз нағыз еңбек адамы, қандай құрметке де лайық азамат десек жарасады. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер