Еңбек — ел игілігінің негізі

image.png

Бүгінгі қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты қозғаушы күші – еңбек адамы. Қай саланы алсақ та, сол саланың табысы мен жетістігі ең алдымен өз ісіне адал, қажырлы жұмысшылардың еңбегімен тығыз байланысты. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы еңбек адамдарын қолдаудан, олардың еңбегін бағалаудан басталады. Бүгінгі жастар үшін еңбек адамының бейнесі — үлгі мен өнеге. Әр салада өз ісін шын сүйіп, ел игілігі үшін қызмет ететін мамандар бар. Олар — ұстаз, дәрігер, слесарь, құрылысшы, дәнекерлеуші, механизатор, инженер сынды еңбек майталмандары. Олардың қатарында  Қайрат Онжигитовте бар. Ол жөндеу-құрылыс қызметінде он жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Бүгінде ол «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу желілерін жөндеу бөлімінде 5-дәрежелі слесарь ретінде абыройлы қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолын 2006 жылы «Южказполметалл» ӨК» АҚ жөндеу-механикалық өндірісінде бастап, 3-дәрежелі слесарь ретінде алғашқы тәжірибесін жинады. 2012–2015 жылдар аралығында «3-Энергоорталық» АҚ құрылымында жылу жүйелерінің қондырғыларын жөндеу бойынша 5-дәрежелі слесарь болып еңбек етті. 2015 жылдан бастап қазіргі қызмет орны – «Қуатжылуорталық-3» МКК-де жылу желілерін жөндеу бойынша тұрақты жұмыс атқарып келеді.

Кәсіби шеберлігі мен жауапкершілікке толы еңбегі арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Қайрат Шырынханұлы – еңбекқорлық пен өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі. Еңбек адамы — ол қарапайым, бірақ қоғам үшін ең маңызды тұлға. Олардың күнделікті атқарып жүрген еңбегі елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді.

Еңбек адамы — елдің тірегі, ұлттың ұжданы. Әрбір еңбек иесінің маңдай тері мен табанды еңбегі — Қазақстанның жарқын болашағының негізі.

Сондықтан да біз еңбек адамын құрметтеуді, олардың еңбегін бағалауды басты парыз деп білуіміз керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жұмысшының еңбегі — елдің жүрегі
  • Тәжірибемен шыңдалған маман
  • Білікті инженер - кәсіпорынның тірегі
  • Қаратау ауданында тұрғындардың мәселелері бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер