Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын

image.png

Шаһарда газбен қамтамасыз ету деңгейінің артуы және жаңа құрылыс аумақтарын газбен қамту жұмыстары қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады. Шаһарда тұрғындарды табиғи газбен қамту мәселесіне ерекше мән беріліп, бұл саладағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Шымкент қаласының Алтынтөбе (2-кезек) тұрғын алабын мемлекет тарапынан сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды коммуналды-энергетикалық жобаның 2-кезеңін тапсыру 2026 жылдың І тоқсанына жоспарланған.

Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары әкімдік тарапынан бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Жауапты мамандар газ құбырларын тартып, қосылу нүктелерін орнатып келеді. Барлық инженерлік инфрақұрылым техникалық талаптарға сай кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бұл жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, тұрмыстық қолайлы жағдай жасауға және экологиялық таза отын түрін пайдалануға мүмкіндік беруге бағытталған. Жоба іске қосылған соң 124 үй (мыңға жуық тұрғын) сапалы табиғи газбен қамтылатын болады.

Коммуналды игіліктерді қосу жұмысы Шымкент қаласы әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тұрақты бақылауында. Негізгі мақсат – қала тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, қолайлы тұрмыс жағдайын қалыптастыру.

Жалпы Абай ауданында 34 елдімекеннің 23-і (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 6 елдімекенді (Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ) табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды.. Тәуелсіздікке-20 жыл, Айкөл, Құрсай, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын ауданына қатысты ЖСҚ әзірленуде. Көкбұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар тұрғын алаптарының халқы алдағы жылы табиғи газбен қамтылатын болады. Нәтижесінде жыл соңында ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайтын болады.

Айта кетейік, былтырғы жылы 15 нысанның құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ 1 және 2-кезең, Ынтымақ-2, Бозарық 1,2,3 кезең, Еламан, Қайтпас-1 (6 көше), Қаратөбе, Тәуелсіздікке-20 жыл, Қарабастау, Қайтпас-1 мен Тұран, Тассай шағын ауданы арасында орналасқан тұрғын үйлер, Жұлдыз-Жалын, Достық шағын аудандары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
  • Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда
  • Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер