KGIR-2025: Шымкентте 449,4 млрд теңгеге 5 жаңа инвестициялық жоба іске асырылады

image.png

Бүгін Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша форум өтіп жатыр. Биылғы кездесу «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы» тақырыбында ұйымдастырылды. KGIR-2025 форумына 40 елден 700-ден астам қатысушы, соның ішінде мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері жиналды. Кездесу барысында әлемдік нарықтың ағымдағы үрдістері мен олардың инвестициялық стратегияларға әсері, сондай-ақ халықаралық капиталды тартуда инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқылануда. 

Дөңгелек үстел аясында Шымкент қаласында іске асырылатын құны 449,4 миллиард теңгеге 5 инвестициялық жобаға қол қойылды. Атап айтқанда:

- Ауыл шаруашылығы министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, «FabeAgro» ЖШС компаниясы арасында Шымкент қаласында заманауи жылыжай кешенінің құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша үшжақты келісім, жоба құны 68 миллиард теңге;

- Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, «Shaanxi Construction Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС компаниясы арасында Шымкент қаласында тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы электр энергиясын өндіру инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты келісім, жоба құны 55 миллиард теңге;

Айта кетейік, халықаралық форум 2017 жылдан бері жыл сайын еліміздің Премьер‑министрінің басшылығымен өткізіліп келеді.  Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Әйел аманаты» жобасы аясында гендерлік саясат мәселелері қаралды
  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – экономикалық дамудың кепілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер