Тұранда балалар және спорт алаңшалары пайдалануға берілуде

image.png

Шымкенттің Тұран ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың бос уақытын тиімді өткізуі мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңа балалар ойын және спорт алаңшаларының құрылысы қарқынды жүруде. Нысандар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Биыл аудан аумағында барлығы 32 ойын және спорт алаңшасын салу жоспарланған, оның ішінде 19 балалар ойын алаңшасы, 13 ашық спорт алаңы да бар.

Бүгінгі таңда 15 нысан пайдалануға берілді, ал қалғандарының құрылысы бекітілген кесте бойынша жалғасуда. Барлық алаңшаны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңа нысандар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына және аула инфрақұрылымын жақсартуға оң әсер етеді.

Айта кетейік, бүгінде аудан халқының саны 232,7 мың адамға жетіп отыр. 21 шағынауданды біріктіретін аумақта 39 мыңнан астам жеке үй және 544 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауданның жалпы аумағы – 36 300 гектарды құрайды.

Қазіргі уақытта инфрақұрылым бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ауыз сумен қамту көрсеткіші қазірдің өзінде 98,5 пайызға жетсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайтын болады. Құрсай және Айкөл шағынаудандарындағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл бағыт толықтай шешімін таппақ.

Табиғи газбен қамту көрсеткіші – 85,7 пайызды құрайды. Қазірде Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағынаудандарында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы ауданның барлық аумағы көгілдір отынға қосылады.

Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың соңына дейін Құрсай шағынауданы да жарыққа қосылып, аудан 100 пайыз электрмен қамтылады.

Ал кәріз жүйесімен қамту деңгейі қазіргі таңда 57,1 пайызды құрайды. 2024 жылы Түркістан шағынауданы мен Қазыбек би көшесінде құрылыс жұмыстары басталған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Әйел аманаты» жобасы аясында гендерлік саясат мәселелері қаралды
  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – экономикалық дамудың кепілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер