Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі

image.png

Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде еңбек адамдарының рөлі ерекше. Әсіресе өндіріс саласында жұмыс істейтін зауыт жұмысшыларының еңбегі – қоғамның іргетасы, мемлекет қуатының негізі. Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі ғана емес, сонымен қатар индустриалды аймақтар мен ірі зауыттардың тоғысқан орталығы. Қалада металл өңдеу, машина жасау, құрылыс материалдары, мұнай-химия және азық-түлік өндірісі жақсы дамыған.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Шымкент қаласында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіштің артында мыңдаған еңбек адамының тынымсыз еңбегі тұр. Олардың арасында  өндіріс саласында жиырма жылға жуық қажырлы еңбек етіп келе жатқан Қалдыбай Күзенбай Зормаханұлы  да бар. Ол өз ісіне адал, тәжірибелі әрі жауапкершілігі жоғары мамандардың бірі.

Қалдыбай Зормаханұлы 1982 жылдың 14 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. 1988 жылы М.Әуезов атындағы орта мектепке қабылданып, оны 1999 жылы аяқтады.

Білімін жетілдіру мақсатында 2013 жылы «Автотех» колледжіне түсіп, арнайы орта білім алды.

Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласындағы «Шымкентмай» АҚ зауытында бөліп ажырату цехында слесарь-ремонтник (5-разряд) қызметінен бастады. Өз ісіне деген ынтасы мен ұқыптылығының арқасында бірнеше жыл ішінде кәсіби тұрғыдан өсуге қол жеткізді:

2009 жылы – наладчик машин и оборудования (5-разряд);

2010 жылы – аппаратчик перегонки, наладчик машин и оборудования;

2023 жылы – сменный мастер (9-разряд);

2024 жылдан бастап – оператор (9-разряд) қызметін абыроймен атқарып келеді.

Бүгінде Қалдыбай Күзенбай Зормаханұлының еңбек өтілі 20 жылды құрайды. Ол — өндіріс процесін терең меңгерген, ұжым арасында беделі жоғары, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі маман.

Отбасында да үлгілі әке, сүйікті жар. 2007 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде жұбайымен бірге бір ұл және төрт қыз тәрбиелеп отыр.

Қалдыбай Зормаханұлының еңбекқорлығы мен табандылығы, жұмысқа деген адалдығы – жас мамандарға үлгі боларлық қасиет.

       Зауыт цехында күн сайын тер төгіп жүрген әр жұмысшы – ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып жүрген нағыз еңбек ері. Шымкент қаласы үшін еңбек адамы – тек өндірістің дөңгелегін айналдырып тұрған күш емес, ол – елдің рухани және экономикалық тірегі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Әйел аманаты» жобасы аясында гендерлік саясат мәселелері қаралды
  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – экономикалық дамудың кепілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер