Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

image.png

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынды академияның ғылыми жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сейіл Біржан Сейітұлы ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ғылым саласына қатысты айтылған басым бағыттарға тоқталды.

Дөңгелек үстелде жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі Диляфруз Болатова алғашқылардың бірі болып баяндама жасап, академия қабырғасында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар мен жаңалықтар туралы айтты. Спикер өз сөзінде Президент Жолдауында көрсетілген ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландыру жүйесін жетілдіру, жетекші ғалымдарға лайықты еңбекақы төлеу және жоғары оқу орындарын зерттеу бағытында дамыту қажеттігі жөніндегі тапсырмалардың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Диляфруз Ғаниқызы академиядағы ғылыми-зерттеу бағыттарына ерекше көңіл бөлінгенін, соның нәтижесінде кафедралар мен бөлімдерде жобалар санының артқанын, жас ғалымдар мен магистранттарға арналған гранттар мен мүмкіндіктердің көбейгенін атап өтті. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, заманауи зерттеу әдістерін енгізу және ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты күшейту бағытында да оң нәтижелер бар екенін жеткізді.

Мұнан кейін ғылыми жұмыстар бөлімінің аға менеджері Майдан Мұхамедияров сөз кезегін алып, студенттерді жаңа идеяларды іске асыруға және халықаралық деңгейде мойындалуға ұмтылуға шақырды. Сонымен қатар, Майдан Нағашыбайұлы студенттермен еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру, жас зерттеушілерді қолдау және білім мен ғылымның интеграциясын дамыту бағытында өзара пікір алмасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Әйел аманаты» жобасы аясында гендерлік саясат мәселелері қаралды
  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – экономикалық дамудың кепілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер