
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Әл-Фараби атындағы қалалық кітапханада тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шараның мақсаты азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру және билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайту.
Қабылдау барысында қала тұрғындары әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық сипаттағы сауалдарын жеткізді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Бахадыр Нарымбетов азаматтардың көтерген мәселелерін шешу бойынша заң аясында қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ол сондай-ақ тұрғындардың белсенділігі мен қоғам өміріне араласуының маңыздылығына тоқталып, мұндай кездесулердің тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді.
Қоғамдық қабылдау нәтижесінде бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тауып, қалғандары бақылауға алынды. Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық сенімін арттыруға және жергілікті басқару тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында билік пен халық арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту – маңызды басым бағыттардың бірі. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту – елдегі тұрақтылықтың, әділ басқарудың және халықтың әл-ауқатының кепілі.
Ашық диалог орнату дегеніміз – халықтың мұң-мұқтажын, ұсынысын және пікірін ескеріп, шешім қабылдау үдерісіне қатыстыру. Бұл бағытта елімізде түрлі қоғамдық қабылдау бөлмелері, азаматтарды қабылдау орталықтары мен онлайн-платформалар жұмыс істейді. Президенттің, Үкімет мүшелерінің және жергілікті әкімдердің халықпен тұрақты кездесулері осының айқын көрінісі.
Қоғамдық қабылдаулардың басты мақсаты – әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, нақты шешім табу. Мұндай ашық алаңдар мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімді арттырып, бюрократиялық кедергілерді азайтады. Сонымен қатар, қоғамда әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, «Ашық үкімет» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамалары аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар – билік пен қоғам арасындағы жаңа мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, ал азаматтар өз кезегінде белсенді қатысуға шақырылады.
Қоғамдық қабылдаулар арқылы халық жергілікті мәселелердің шешімін іздеуге қатысып, мемлекеттік органдармен өзара тиімді байланыс орнатады. Бұл – билік пен азаматтар арасындағы сенімнің негізін нығайтады.
Ашық диалог пен қоғамдық қабылдау институттарын дамыту – демократиялық қоғамның айқын белгісі. Халықтың пікірін ескеріп, уақтылы жауап беру – биліктің халық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді. Тек бірлескен әрекет пен өзара сенім арқылы ғана ел дамуы мен қоғамдық келісімге қол жеткізуге болады.
