Бірқатар ұстаздарға құрмет көрсетілді

image.png

Қоғамның рухани байлығы мен өркениеттің деңгейі – ұстаз еңбегімен өлшенеді. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісі – кез келген мемлекеттің болашағын айқындайтын ең жауапты сала. Сондықтан мұғалім еңбегі – ең қадірлі еңбек, ал ұстаз абыройы – елдің мерейі.

Бүгінгі таңда педагог мамандығы – қоғамдағы ерекше мәртебеге ие. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге тәрбиеші, бағыт беруші және тұлға қалыптастырушы. Әр шәкірттің бойындағы қабілетті ашу, өзіне деген сенімді ояту – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен адамгершілік парасатының көрінісі.

Елімізде педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң – мұғалімдерге жасалған үлкен қолдау. Бұл құжат аясында мұғалімдердің жүктемесі азайтылып, жалақысы кезең-кезеңімен көтерілді. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру және оқыту әдістерін жаңғырту бағытында жүйелі реформалар жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласында да мұғалімдердің еңбегін бағалау, кәсіби шеберлігін дамытуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қала мектептерінде үздік педагогтерге арналған «Үздік мұғалім», «Педагогикалық шеберлік» байқаулары дәстүрге айналған. Бұл шаралар ұстаздардың беделін арттырып, шығармашылық ізденісіне серпін беруде.

  Осы орайда  «AMANAT» партиясының бастамасымен «Мұғалім Talks» кейс-платформасы Педагог мамандығының абыройын арттыруға қосқан еңбектері үшін бірқатар ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Марапаттарды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Мұрат Жолдыхожаев табыс етті.

– «Ұстаз – қоғамның рухани тірегі әрі ұлт болашағын қалыптастырушы тұлға. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында еліміздің келешегі – жас ұрпақ білім мен тәрбие алып келеді. Партия әрдайым білім саласын және педагогтарды қолдау бағытындағы бастамаларды жалғастыра береді», – деді филиал төрағасы өз сөзінде.

Іс-шара барысында ұстаздар қауымы білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелерді талқылап, табысты тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру және заманауи оқыту әдістерін енгізу бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

«AMANAT» партиясы білім беру саласын дамыту мен ұстаздарды қолдау басым бағыттарының бірі. Партия педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту және кәсіби дамуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Педагог болу – үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет ететін іс. Әр сабаққа дайындалу, жаңа әдістерді іздену, әр баланың мінез-құлқын түсіну – бұл ұстаздың күнделікті еңбегі. Көп жағдайда бұл еңбек көзге көрінбейді, бірақ оның нәтижесі – ел ертеңі, саналы ұрпақ.

Сондықтан мұғалім – еңбек адамының ең абзал бейнесі. Ол – болашаққа жол сілтеп, елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын тұлға. Ұстазға құрмет – ұлтқа құрмет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек адамы – елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші
  • Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік фестиваль өтті
  • Жастармен өзекті мәселелер мен жаңа бастамалар талқыланды
  • Шымкентте көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды
  • Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер