Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген

image.png

   Қалалар мен аудандық әкімдіктердің ашықтығы мен тұрғындардың шешім қабылдауға қатысуын арттыру мақсатында Қазақстанда енгізілген маңызды жобалардың бірі – «Халық қатысатын бюджет». Бұл жоба азаматтарға өз қаласының дамуы мен әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға тікелей үлес қосуға мүмкіндік береді. «Халық қатысатын бюджет» жобасының басты мақсаты – тұрғындардың қаладағы даму мәселелеріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Аталған жобасының артықшылығы – тұрғындардың қала өмірін жақсарту бойынша нақты шешімдерге белсенді қатысуы және олардың ұсыныстарының жүзеге асуына тікелей әсер етуі. «Халық қатысатын бюджет» жобасы – тұрғындардың қала дамуына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін тиімді құрал. Жоба азаматтардың пікірін ескеруге, жергілікті бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Бұл жобаға қатысу арқылы әр азамат өзінің өмір сүретін қаласының дамуына үлес қосып, тұрғындар мен әкімдік арасындағы диалогты күшейте алады. Жыл сайын аумағы ұлғайып, халық саны өсіп келе жатқан Абай ауданы да  бұл жобаның игілігін көріп отыр. Мамандардың айтуынша  ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы  арқылы  5 гүлзар ашылған. Ал 2 гүлзар  демеушілер есебінен пайдалануға беріліпті. Олардың бірі «Шымситиде» болса екіншісі «Бозарық» шағын ауданында орналасқан.    

     Қоршаған ортаны қорғау және қалалар мен елді мекендерді тазалыққа баулу – еліміздің әлеуметтік және экологиялық дамудың басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта Қазақстанда жыл сайын өткізілетін «Таза Қазақстан» акциясы халықтың назарын экологиялық мәселелерге аударып, жауапкершілікті арттыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – ел аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, қоқыс шығару мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды экологиялық тәртіпке баулу. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке үйретіп қана қоймай, нақты қоршаған ортаны қорғау нәтижелерін көрсетеді. Аталған іс-шаралар қала тұрғындарын белсенділікке шақырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беруде. «Таза Қазақстан» акциясы – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың белсенділігін арттырудағы маңызды бастама. Тұрғындардың қатысуы мен жауапкершілігі арқылы қалалар мен елді мекендер таза әрі жайлы өмір сүруге қолайлы ортаны қамтамасыз ете алады. Аталған тазалық шарасынан Абай ауданының тұрғындары да шет қалып жатқан жоқ.  Мұнда жыл басынан бері 46 сенбілік ұйымдастырылып, оған 100 мыңнан астам адам қатысқан. Әр сенбілік  түрлі форматта өтуде дейді маманедар. Айталық тұрғындар  бір сенбіде тұрғын үйлердің аулаларын тазаласа, келесі сенбіде канал, су жағалауларын тазалауда, енді бірде көше бойларын сыпырып, қоқыстан тазартқан. Мұндай шаралар қала тұрғындарын тазалыққа үйретіп, экологияға, қаламызға деген жанашырлық сезімдерін оятуда.

      Қала аумағының  санитарлық тазалығы, жол қозғалысының қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар  ретсіз сауда орындары да  аса маңызды мәселе болып отыр. Оны жою және заң аясында реттеу – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты. Жабайы сауда мен ретсіз сауда орындарын жою – тек заңды талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар қала экономикасы мен қоғамдық тәртіп үшін маңызды. Мемлекеттік органдардың құқықтық шаралары, тұрақты мониторинг пен рейдтер, заңды кәсіпкерлікті қолдау және халықтың ақпараттандырылуы – қаланы таза, қауіпсіз және дамыған орталыққа айналдырудың негізгі кепілі болып табылады. Белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жүргізген азаматтарға бірінші ескерту берілсе, екінші жағдайда айыппұл салынады.  Салаға жауаптылардың айтуынша Абай ауданында жыл басынан бері мамандар осы жағдайға байланысты 1326 хаттама толтырған. Оның ішінде 186  айыппұл, қалғанына ескерту берілген. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 4 миллион 776 мың теңге айыппұл өндіріліпті.  

     Абай ауданының даму стратегиясы алдағы жылдары да әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен тұрғын әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Ауданда жаңа өндіріс орындарын ашу, қызмет көрсету саласын дамыту, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады. Биылғы жылға Абай ауданынының әлеуметтік-экономикалық дамыту жұмыстарына  жергілікті бюджеттен  28,3 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда аудан әкімдігі 30,2 миллиард теңгені қамтамасыз етіп, 1,8 миллиард теңгені жоспардан тыс артығымен орындаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда аудан бюджетінің 107 пайызға ұлғайғанын білдіреді. 

    Абай ауданы — Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын ірі тұрғын аймағы. Халық санының өсуі, жаңа құрылыстар мен инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары ауданның стратегиялық маңызын арттыра түседі. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жобалар Абай ауданын қолайлы, заманауи және өмір сүруге ыңғайлы мегаполис аумағына айналдыруға бағытталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • Шымкентті дамытуға әрбір тұрғын үлес қоса алады
  • 500-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды
  • «Отбасын қолдау орталығы» ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер