Кәсіпкерлерді қолдау – экономиканың дамуына серпін береді

image.png

     Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тұрақтылығы мен қоғамның әл-ауқатын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта мемлекет кәсіпкерлерді қолдауға арналған түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып, олардың бизнес бастауына және оны дамытуына нақты мүмкіндік беріп отыр. Соның ішінде қайтарымсыз гранттар беру – кәсіпкерлікке қадам басқан азаматтарға жасалған үлкен қолдау.

      Бүгін Шымкент қаласында 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер өз бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Бұл грант – жаңа кәсіп бастағысы келетін және ісін кеңейтуді жоспарлаған кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Қорғау барысында комиссия мүшелері әр жоба бойынша оның өзектілігін, әлеуметтік маңыздылығын, жүзеге асыру тетіктерін және практикалық тиімділігін жан-жақты бағалады. Бағалау критерийлері:

- Жобаның әлеуметтік бағдарлануы;

- Бизнес-жобаның тиімділігі;

- Жобаның дайындық деңгейі;

- Жеке инфрақұрылымының болуы;

- Жобаның бәсекеге қабілеттілігі;

- Жобаның экономикалық тиімділігі;

- Жобаның презентациясы.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдау болып табылады.

Үміткерлер арасында қызмет көрсету, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, өндіріс және шығармашылық индустрия бағытында кәсіп ашқысы келетін азаматтар бар. Олардың басым бөлігі грант қаражатын құрал-жабдық сатып алуға, өндіріс процесін жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға пайдалануды жоспарлаған.

Үміткерлер өз жобаларының мазмұнын таныстырып, комиссия тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Комиссия әр жобаны белгіленген критерийлер бойынша сараптап, қорытынды бағасын қалыптастырды.

Бағалау нәтижелері жинақталып, грант жеңімпаздарының тізімі алдағы күндері ресми түрде жарияланатын болады.

Мемлекеттік гранттар – қаладағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетігі. Бұл бағдарлама көптеген тұрғындарға өз ісін бастап, табыс табуға жол ашып келеді. Комиссия шешімі алдағы күндері жарияланып, грант иегерлері қаржыға ие болады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 29 қазаны мен 5 қарашасы аралығында kezekte.kz порталында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау өткен болатын. Өтінімді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіміне тіркелген кәсіпкерлер және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері бере алады.

Мемлекеттік грант мынадай мақсаттарға беріледі:

1) тауар шығару немесе қызмет көрсетуге қажет негізгі құралдарды (негізгі құралдарды салу/жаңғырту /реконструкциялау/күрделі жөндеу), шикізат пен материалдар сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технология сатып алу;

4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқық сатып алу;

5) зерттеу жұмыстары және (немесе) жаңа технологияларды енгізу шығындары.

      Қолдау тапқан кәсіпкерлер түрлі бағытта өз ісін бастап, қала экономикасына үлес қосып келеді. Жаңадан ашылған өндіріс орындары, қызмет көрсету орталықтары, шеберханалар мен әлеуметтік жобалар – грант берудің нақты жемісі.

     Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, қоғамда еңбек мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың өз ісіне деген сенімін арттыруға зор үлес қосуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпкерлерді қолдау – экономиканың дамуына серпін береді
  • Шымкент - инвесторларға қолайлы қала
  • ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА
  • Шымкентте жұмыссыз тұрғындар жаңа кәсіп үйреніп жатыр
  • 120-дан астам тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер