Ұжымға сыйлы қызметкер

image.png

     Қала инфрақұрылымының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету – үздіксіз еңбекті қажет ететін маңызды міндет. Әсіресе су құбыры мен кәріз жүйелерінде туындайтын төтенше жағдайларды қалпына келтіруде шебер дәнекерлеушілердің рөлі айрықша. Инженерлік желілердің тұтастығын сақтап, қаланың тіршілік көзін тоқтатпайтын мамандардың бірі – дәнекерлеуші. Апат болған жерде құбырды кесіп, қайта біріктіру, желіге жаңа бөлшектерді дәл сәйкестендіре орнату – үлкен шеберлікті талап етеді. Олар кейде бірнеше сағат бойы тоқтаусыз дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп, құбыр жүйесін тез арада қалпына келтіруге күш салады.

   Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, он жылдық тәжірибесі бар білікті маманның бірі – Абдиханов Жақыпбек  қазіргі таңда апатты қалпына келтіру жұмыстары учаскесінің дәнекерлеушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.

Жақыпбек Рысбекұлы Өзбекстан Республикасының Сырдария облысы, Сайхунабад ауданында дүниеге келген. 2005 жылы отбасы¬мен бірге Қазақстан Республикасына қоныс аударып, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылына тұрақтады.

Мамандығы – газ-электрдәнекерлеуші. Өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін еңбек барысында үздіксіз жетілдіріп келеді.

2014–2023 жылдар аралығында «Водные ресурсы – маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде газдәнекерлеуші болып жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында өз саласының шебері ретінде танылып, түрлі өндірістік міндеттерді сапалы орындап отырды.

2023 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында апатты қалпына келтіру жұмыстар бөлімінің газ-электрдәнекерлеушісі қызметін атқаруда.

Жұмыс барысында ол өз міндеттерін нақты, сапалы және жауапкершілікпен орындайды. Әріптестері арасында беделге ие, ұжымда сыйлы әрі үлгілі қызметкер ретінде танылады. Қысқа уақыт ішінде өзін іскер, еңбекқор және тәртіпті маман ретінде көрсете білді.

Отбасында да үлгілі азамат – сүйікті жар, үш ұл мен бір қыздың әкесі.

   Жақыпбек Абдихановтың еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігі жас мамандарға үлгі, ұжымдағы ынтымақ пен еңбексүйгіштіктің жарқын көрінісі болып табылады.

Дәнекерлеуші –  қоғам үшін ең қажет мамандардың бірі. Олар өз ісінің нағыз шеберлері: металды балқытып біріктіреді, инженерлік желілерді қайта жандандырады, қаланың тынысын тоқтатпайды.Апатты қалпына келтіру учаскесінің дәнекерлеушілері – шынайы еңбек адамдары. Олардың кәсібилігі, табандылығы және жауапкершілігі – мегаполистің инженерлік жүйелерін сенімді түрде ұстап тұрған негізгі күш.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көрінбейтін, бірақ аса жауапты қызметтің иесі
  • 26,7 тыс. человек получили дополнительную поддержку с применением скоринговой модели
  • Өнер және білім саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелері талқыланды
  • Юнисеф жастарының хабы ашылды
  • Еңбекші ауданында цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер