Шәкіртке деген жанашырлық – оның басты ұстанымы

image.png

     Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде көптеген жылдар бойы жас мамандарды өнерге баулып, кәсіби шеберлікке жетелеуде ерекше еңбек етіп келе жатқан білікті ұстаздардың бірі – өндірістік оқыту шебері, тәжірибелі кондитер Халима Мрахимқызы.

     Өз ісіне берілген, жан-жақты білімді маман ретінде Халима Мрахимовна кондитерлік саланың қыр-сырын студенттерге терең әрі түсінікті түрде үйретіп, олардың шығармашылық қабілетін ашуға зор ықпал етіп келеді. Сабақ барысында ол заманауи кондитерлік технологияларды, ұн өнімдерін дайындау әдістерін, крем мен ертінділердің түрлерін, сондай-ақ тағам қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды сақтаудың маңызын ұдайы назарда ұстайды. «Бала күнімнен кондитер болуды армандадым. Өзім қалаған колледжге оқуға түсіп, жүрекпен таңдаған мамандығым бойынша білім алып шықтым. Оқуды тәмамдаған соң фабрикада еңбек жолымды бастадым. Біраз уақыт жұмыс істегененнен кейін мен білімім мен тәжірибемді жас ұрпаққа бергім келетінін түсіндім. Міне, сол арманның, қалаудың жетегімен осы колледжге жұмысқа орналасып, өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жүрмін»,- дейді кейіпкеріміз. 

     Халима Мрахимқызының басты мақсаты – нарық талабына сай білікті, шығармашыл, өз ісіне адал кондитер мамандарын тәрбиелеу. Ол үшін шебер педагог үнемі білімін жетілдіріп, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізіп отырады. «Өндірістік оқыту шебері болу ол ең бірінші балалардың алдында үлкен жауапкерішілік пен махаббат. Сондай-ақ шабыт сыйлайтын мамандық. Мен студенттерге тек сабақ беріп, үйретіп қана қоймаймын, жастарды кәсіби маман және жеке тұлға болып қалыптасуына ат салысамын»,- дейді кондитер.

    Студенттер арасында ұқыптылығы, еңбекқорлығы және әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын қасиетімен танылған ұстаз көптеген жас маманның кәсіби қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Оның жетекшілігімен дайындалған студенттер түрлі қалалық және республикалық кәсіби байқауларда жүлделі орындарға ие болып, колледждің абыройын асқақтатып жүр.  «Мақтанатын шәкірттерім өте көп. Студенттеріміз халықаралық жарыстарда еліміздің, қаламыздың, колледжіміздің намысын қорғап, жүлделі орындарды иеленіп жатыр. Ол мен үшін үлкен жетістік және мақтаныш. Көптеген шәкәрттерім қаланың ірі кондитерлік фабрикаларында, кәсіпорындарда табысты қызмет етіп жатыр. Жеке кәсібін бастап, сәтті дөңгелетіп отырған түлектеріміз де аз емес. Осындай жетістіктерге куә болған кезде уақтымды текке өткізбегенімді түсінемін»,- дейді өндірістік оқыту шебері. 

     Еңбекке деген адалдық, мамандыққа деген сүйіспеншілік және жас буынға бағыт-бағдар беру – Халима Мрахимовнаның басты өмірлік ұстанымы. Оның табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі колледж ұжымына ғана емес, студенттерге де үлгі болып келеді. «Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін. Себебі біздің жұмыс  шығармашылық өнер секілді, шабыт керек, талант керек. Ал шәкірттеріме өз мамандықтарыңды сүйіңдер, қадірлеңдер және талмай еңбек етіңдер, ізденіңдер деп кеңес берер едім»,- дейді ол.

        Еңбекке деген адалдық, үздіксіз ізденіс және шәкіртке деген жанашырлық – оның басты ұстанымы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастармен ашық диалог өрбіді
  • Шымкенттің болашақ наубайшылары топ жарды
  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Болашақ мамандарды өндірістік ортаға бейімдеу маңызды
  • Адам бейнесін өнерге айналдырған маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер