Шымкент өндірісіндегі шынайы еңбек иесі

image.png

Шымкент қаласы – еліміздегі ірі өндірістік және экономикалық орталықтардың бірі. Мұндағы зауыттар мен коммуналдық нысандардың үздіксіз жұмыс істеуі ең алдымен қарапайым көрінетін, бірақ аса жауапты еңбек иелеріне – слесарь мамандарына тікелей байланысты. Солардың бірі – қаладағы өндірістік кәсіпорындардың бірінде ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан білікті слесарь Файзуллаев Абдумажит. Коммуналдық салада 18 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі слесарь өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленеді.

Кейіпкеріміз  еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған тәжірибелі маман. Ол бүгінде кәсіпорындағы өндірістік жабдықтардың ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Күн сайын таңғы ауысымын цехтарды аралаудан бастайды: механизмдердің жай-күйін тексеру, тозған бөлшектерді ауыстыру, алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу – оның күнделікті міндеті. Бұл – сырт көзге байқала бермейтін, бірақ бүкіл өндірістің тоқтаусыз жүруіне негіз болатын еңбек.

Абдумажит Фазылұлының білімі орта. Еңбек жолын 1981–1999 жылдары «Қатын-көпір» өндірістік кооперативінде жұмысшы болып бастап, 1999–2004 жылдары «Ақ-ниет» өндірістік кооперативінде жұмысшы қызметін атқарды.

2004–2007 жылдары «Южказполиметалл» ӨК» АҚ-да жылу энергетикалық өндірістің жылу желілерінің 4-дәрежелі жөндеуші слесарі болып еңбек етіп, жылу желілерін күтіп-ұстау және жөндеу бағытында тәжірибе жинақтады.

2007 жылдан бері «Қуатжылуорталық-3» МКК №4 аудандық бөлімшесінде жылу желілеріне қызмет көрсетуші 5-дәрежелі слесарь лауазымында абыроймен еңбек етіп келеді. Ол өндірістік тәртіпті қатаң сақтайтын, техникалық қауіпсіздік талаптарын жетік меңгерген, ұжым арасында сыйлы маман. 

Слесарь мамандығы жоғары дәлдікті, техникалық сауаттылықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ерлан үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен сапа. «Бір болттың дұрыс бекітілмеуі үлкен апатқа әкелуі мүмкін», – дейді ол. Сондықтан әрбір жұмысын мұқият жоспарлап, техникалық талаптарды қатаң сақтайды. Осындай кәсіби ұстанымының арқасында ол ұжым арасында үлкен беделге ие.

Қаланың жылу желілерінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуінде Абдумажит Фазылұлының еңбегі зор.

Шымкенттегі өндіріс орындарының дамуы, жаңа технологиялардың енгізілуі слесарь мамандығына деген сұранысты арттырып отыр. Мұндай жағдайда тәжірибелі еңбек адамдарының рөлі айрықша.  Абдумажит Фазылұлы жас мамандарға тәлімгер болып, өз білгенін үйретуден жалықпайды. Оның айтуынша, нағыз маман болу үшін тек білім ғана емес, еңбекке деген сүйіспеншілік пен төзімділік қажет.

Қоғамда еңбек адамын дәріптеу – уақыт талабы. Слесарь сынды жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру арқылы ғана өндірістік тұрақтылық пен экономикалық өсімге қол жеткізуге болады. Кейіпкеріміздің  еңбек жолы – адал еңбектің, кәсібіне деген құрметтің және туған қаласының дамуына қосқан нақты үлестің айқын көрінісі.

Шымкенттің өндірістік әлеуетін нығайтып отырған осындай қарапайым да қажырлы еңбек иелері – ел экономикасының берік тірегі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үздік медицина қызметкерлері марапатталды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы» қорытындыланып, үздіктер марапатталды
  • Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді
  • Шымкент тұрғындарының жайлылығы жолындағы адал еңбек
  • Заң талаптарын бұзған нысандар жауапқа тартылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер