Имигранттарға қызмет көрсететін орталық ашылды

10.jpg

Шымкентте Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды. Мекеме ел Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының  181-ші тармағын іске асыру мақсатымен еңсе тіктеп отыр. Мұнда  үшінші мегаполис тұрғындарына келген шетелдіктерді уақытша тіркеу, я үй шаруашылығында жұмыс істеуге ниетті еңбек имигранттарына рұқсат рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі. Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі, Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов,  Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты. Облыстық көші-қон полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Хадиша Баймұқашева орталықты ашудағы басты мақсат-мүдделермен таныс етті. Күн сайынғы көші-қон легінің артуымен... орталық арқасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ  адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету  сапасының артатыны анық. Орталық Шымкенттегі  төрт бірдей аудан халқына арналған. Ыңғайлы жағдайы үшін ресепшен, күту залы және терминалдар орнатылған. Шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметі, салық органдары, екінші деңгейлі банк өкілдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының қызметі көрсетіледі.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер