Жағалауға жан бітті

20180503234559.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов киелі Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысып шықты. Құрылыс жұмыстарын баяндаған мамандар  абаттандыру жұмысының екі кезең бойынша жүріп жатқанын айтты. Алғашқы кезеңі бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейінгі аумақты қамтиды. Ондағы жұмыстар аяқталған. Енді Жангелдин көшесіне дейінгі 1800 метрлік жағалау көріктендірілуде. Бүгінде құрлысшылар жұмыстың 60 пайызын атқарыпты. Осындағы жұмыс барысын көріп шыққан шаһардың жаңа әкімі өзінің бірқатар ұсыныстарын айтты. Ең бастысы, демалыс орны халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Бұдан бөлек, қала әкімі жақында пайдалануға берілген шаһардың алғашқы арбатына да барды. Бекет батыр көшесіндегі арбаттың қақпасына қойылған сағат іске қосылған. Бұл арбатта да жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін қадап айтты. Айта кетейік, арбатта өнер адамдары өз туындыларын кез — келген уақытта көпшілікке ұсына алады. Бұл өз кезегінде республикадағы үшінші мегаполисте мәдени ортаның қалыптасуына ықпал етпек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер