Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі

1.jpg    

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өттi. Жиынға Түркiстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкiмi Ғ.Әбдiрахымов, ҚР семлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мәслихат депутаттары және 900-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.  Жиында өңір басшысы бiрқатар мемлекеттiк қызметкерлердi облыс әкiмiнiң грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, «Үздiк мемлекеттiк қызметшi» төсбелгiсiн тапсырды. Мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталған Ғабидолла Әбдірахымов «Жаңа статус — бұл жаңа мүмкіндіктер ғана емес, қала тұрғындарына жүктелетін зор жауапкершілік. Бірге жұмыс істесек қана Шымкентті жаңа белеске шығарамыз. Біздің мақсатымыз — Шымкентті Астана мен Алматы қалаларының деңгейіне жеткізу. Егер біз бір отбасының мүшесіндей жұмылсақ, бұл мақсатқа жететінімізге сенемін», — деді.

Қала əкімі бұған қоса жаңа статусқа байланысты және Елбасының «Ұлт жоспары 100 нақты қадамына» сәйкес мегаполис əкімдігі қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты. Басқармалар құрылған соң конкурс жарияланып, жұмысқа үздік қызметкерлер қабылданатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев та бiрқатар мемлекеттiк қызметкерге департаменттiң грамотасын табыс еттi.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер