Жасыл желекке оранды

1515493525.jpg

Шымкент атына заты сай қала екенін тағы бір мойындатты. Жасыл желекке оранған шаһардағы  қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асып, ондағы ағаштар алғашқы жемісін бере бастады.  Мамандардың дерегінше аумағы 11 гектарды алып жатқан бұл алқапта 7 мың түп алма ағашы отырғызылған. Ерекше сортты ағаштар небәрі екі жыл ішінде жемісін бере бастаған. Бұл бағдандардың әр дараққа ерекше күтіммен қарайтындығын білдірсе керек. Олардың айтуынша алқапқа жер асты ұңғымаларының суы пайдалануда. Мұнда қазір 60 тонналық екі су қоймасы бар.  Шымкенттің аумағындағы жасыл желектің жалпы көлемі 5 мың 164 гектарға жеткен. Мұнда алғашқы тал-дарақтар 2009 жылы отырғызылған еді. «Жасыл аймақ» МКК өздерінің тұқымбағын құрып, сонда өскен көшеттерді күздігүні қураған ағаштардың орнына отырғызуда. Шілде айында жиі болатын дала өртінің алдын алу жұмыстары да қолға алынған. 527 шақырымға жолақтар салынған. Оған қосымша 90 шақырым өрт жолағы тағы жасалып жатыр. Осы жұмыстардың екінші кезеңі тамыз айында басталады. Оған су құйылған тіркемесі бар өрт сөндіретін 29 трактор да сақадай сай тұр, дейді жасыл желекке жауапты мамандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер