Мемлекеттік қызметке қызығушылық артып келеді

05.jpg

Шымкентте бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Мақсат — Елбасының тапсырмасына орай  мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, облыстың жергілікті аумақтық атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін түсіндіру дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкеге облыстағы жоғары және орта оқу орындарының бітіруші түлектері мен жұмыссыздар шақыртылған. Жыл өткен сайын мемлекеттік қызметке деген қызығушылық артып келеді, оған себеп — жалақының көбеюі дейді салаға жауаптылар. Мемлекеттік қызметтегі жалақы 60-70 мың теңге мен 600 мың теңгенің арасында. Айта кетейік, бүгінде облыста барлығы 600 — ге жуық мемлекеттік органда сегіз мыңнан аса мемлекеттік лауазым бар. Аталған лауазымдарда сегіз мыңнан аса мемлекеттік қызметші қызмет атқарса, 300-ден аса лауазым бос тұр.

   Айта кетейік Президенттің «Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның»  бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» деп аталып, онда мығым мемлекеттік қызметті дамытуға назар аударылған. Әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарынан көріну үшін ең алдымен қуатты мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі мейлінше өзекті. Өйткені, мемлекеттік қызметті дамыту - бұл Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге, ең ақыры жаһандық және iшкi сын-қатерлерге қарсы атқарылатын ауқымды дүниелердің сапалы атқарылуына деген салмақты саясатты білдіртеді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер