Қауіпсіз қала

images (5).jpg

Шымкент қаласының қауіпсіздігі басты назарда. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында шаһарда «Шымкент – қауіпсіз қала» бағдарламасы әзірленген болатын. Осы аптада қала әкімдігінде мегаполистегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жиын өтті. Шымкент әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен өткен жиын барысында «Шымкент – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында құрылған жұмысшы топтың есебі тыңдалды. Бағдарламаға сәйкес қала аумағында өзге діни ағым өкілдерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп, 45 азаматтың дәстүрлі дінге бет бұру нышаны анықталған. Сондай-ақ, 47 қоғамдық тамақтану орнына тексеру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін білім мекемелерінде бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» рейдтік іс-шаралары өткізілген. Соның нәтижесінде қала аумағындағы құқық бұзушылық саны өткен жылмен салыстырғанда он екі пайызға төмендеді дейді жауаптылар. Жалпы бағдарламаның қала өмірі, қауіпсіздігі үшін әсері мол дейді мамандар. Аталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер