Әріптестік нығаюда

balaba.jpg

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керектігі, бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін екендігі айтылған болатын. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев тағдырдың салғанына еріксіз мойынсынған жас жеткіншектерге қол ұшын созып, көмек берген кәсіпкер- меценат Қайрат Молдасейітовке ел алғысын жеткізді. Сондай-ақ, өңір басшысы қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген кәсіпкердің еңбегі өзгелерге үлгі боларлық шынайы патриотизмнің көрінісі екенін Шымкент қаласындағы «Достық» және «Әйгерім» бөбекжай-балабақшаларының ашылу салтанатында айтып өтті.

Жалпы 110 орынға лайықталған қос ғимарат кәсіпкер - меценат, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, облыстық мәслихат депутаты, «ОТАУ груп» компаниясының басшысы Қайрат Молдасейітовтің демеушілігімен салынған. Жобаның жалпы құны - 280 млн. теңге.  «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы - психикалық дамуы шектеулі балаларға, ал «Достық» - тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларға арналған.  Мұнда  мамандар сал ауруына шалдыққан балғындарға терапиялық ем жасайды. Монтесорри және саусақ моторикасын дамытатын бағдарламалар бойынша білім береді. Сондай-ақ, түрлі методикалар арқылы ой қабілетін дамытып, тілінде мүкістігі бар балалармен дефектолог жұмыс істейді. Мемлекеттік мекемеде балғындар тегін білім алады. Қос бала-бақша тәулік бойы жұмыс істейді. Айта кетейік, кәсіпкер-меценат Қ.Молдасейітов жуырда ғана Шымкент қаласының миллионыншы тұрғынына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер