Су қалашығы ашылды

04.jpg  

 Шымкентте ел игілігіне беріліп жатқан нысандар көбеюде. Өткен аптада қала тұрғындары және қонақтары үшін ерекше демалыс орны ашылды. «Fontan» деп аталатын аквапарк жаз маусымына таптырмас демалыс аймағы.  Салтанатты жиынға арнайы қатысқан шаһар басшысы қалада халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келе жатқанын, соның бірі  Қошқар ата өзені екенін  тілге тиек етті.  Аквапарк 2 гектар аумақты алып жатыр. Онда биіктен сырғанайтын 8 төбешік орналасқан. Оның екеуі биіктігі 22 метрді құрайтын еліміздегі ең биік төбешік болса, ТМД елдері арасында ең ұзын төбешік те осында бой көтерген. Айта кетейік, «FONTAN» аквапаркі Орта Азиядағы ересектер мен балаларға арналған ең үлкен су қалашығы. Мұнда жасанды толқын және бассейін суын жылытуға арналған құрылғылар орнатылған. Кәсіпкердің айтуынша, демалыс аймағында 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Тәулігіне 2 мыңнан астам келушіге қызмет көрсетуге қауқарлы. Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарлама мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Кеш соңы Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер