15 отбасы баспаналы болды

images (4).jpg

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Шымкентте әкімшілік-іскерлік орталықта «Астана» шағын ауданы ашылды. Мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған көпқабатты тұрғын үйлерден 15 отбасыға, оның ішінде әлеуметтік әлсіз топ санаты бойынша 7 азамат, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 6 перзентке пәтер кілті табысталды. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, елге құттықтау лебізін жеткізді. Аспанмен таласа бой түзеген тұрғын үйлердің көші «Мирас» шағынауданына барып тұйықталады. Елді мекен  қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан алғашқы мөлтек аудан болып табылады. Мамандар  бұл маңда қоныс тойдың әлі көп болатынын алға тартты. «Шаһарымызда жыл сайын кезекке тұрған азаматтар үймен қамтылуда. Алдағы уақытта 1152 тұрғын  баспаналы болады деп күтілуде. Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жоспар бойынша кезең кезеңімен іске аспақ», - дейді Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлім басшысының орынбасары Гүлнар Әшірбаева. 

        Тұрғындардың  жайлылығы үшін мұнда шағынауданмен аттас гүлзар салынды. Оның аумағы - 2 гектарға жуық. Жасыл желекпен көмкерілген аумақта тамыры тереңге бойлайтын шынар, каштан, қайың отырғызылған. Түрлі-түсті гүлдер де көздің жауын алады. Балалар ойын алаңшасы да аумақтың әрін ашып тұр.  «Қаланы  одан әрі көгалдандыру мақсатында «Астана» гүлзары халықтың игілігіне беріліп отыр. Гүлзардың орталық алаңында орналасқан шаңырақ бейнесі халқымыздың ұлттық бірлігі мен татулығын меңзеп тұрғандай»,- деді қала әкімі Нұрлан Ермекұлы.

      Жалпы, әкімшілік-іскерлік орталығында осы уақытқа дейін 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда көпқабатты 27 үй салынуда. Енді бұл шағынаудан «Астана» деп аталатын болды. Мамандардың дерегінше, Шымкентте былтыр 4289 пәтерлі 69 үй пайдалануға берілсе, биыл 2833 пәтер ел игілігіне тапсырылмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер