«Highvill» Шымқаладан үйлер салмақ

015.jpeg     

Әлемге  танылған «Highvill» компаниясы енді Шымқалада да үйлер салмақ. Таяуда қалалық әкімдік, аталған құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды.

     Кореялық алпауыт компанияның тұрғын үйлері «Shymkent City» аумағынан еңсе тіктемек. Ол үшін қалашықтан инвесторларға 52 гектар жер бөлініпті. Тұрғын үйлер кешенінде 18 қабатқа дейінгі 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған. Сондай-ақ түрлі бизнес нысандары да салынады және автокөліктер мен бөтен азаматтар кірмейтін жасыл қауіпсіз алаңдары болады. Қалашықта 9-12 қабаттық үйлердің құрылысы жақын арада басталады. Жаңа кешеннің игілігін 70 мыңға жуық тұрғын көрмек. Шетелдік мамандар жобаларды он жыл көлемінде аяқтайды. Айтпақшы құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 миллиард теңге шамасында инвестиция құймақ. Бұл Шымшаһарға бүгінгі күнге дейін құйылып отырған ең ірі көлемдегі инвестиция.  

     Компанияның өкілдері бұл баспаналар ақылды технологияға негізделген деп отыр. Мәселен, Астанадағы «Highvill» кешенін тұрғындар «Қала ішіндегі қала» деп атайды. Себебі ол кешеннің өзінің дәріханасы, сауда орны, сұлулық салоны, балалар орталығы, гүлдер дүкені, дәмханасы мен мейрамханалары бар. «Кореялық компаниямен арадағы келіссөздер 7 ай көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде үш жақты меморандумға қол жеткіздік. Сонымен қатар мұндай ірі көлемдегі инвестиция қаламызда әлі болмаған. Меморандум – тарихи қадам. Себебі «Highvill» әлемдегі дамыған, әсем, алып шаһарлармен жұмыс істеп, жоғары дәрежедегі, сапалы қызметтерімен өзін дәлелдеген компания. Инвесторлардың арқасында мегаполисіміздің де ажары түрлене түсетініне сенімдімін. Мен тұрғын үйлердің құрылысы жоспарға сай 10 жыл емес 5 жылдың көлемінде акяқталады деген ойдамын» , - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов.  Тұрғын үй құрылыстарын салуда ыңғайлылық пен инновацияға басымдық беретін «Highvill» –тұрғын үй салудағы танымал, марапаттарға бай  компания. Ол Кореяның Тэгу қаласын абаттандыруда бірнеше рет гран-приді жеңіп алған, «Үздік пәтер» үшін Президент сыйлығын алған, 2000 жылы Корея Республикасында үздік тұрғын үй компаниясы атанған. Қазақстан құрылыс нарығында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекеме Астана қаласында ақылды технологиямен көптеген тұрғын үйлердің құрылысын жүргізген.  «Highvill»-Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон-Дэ «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде компанияға озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қызықты болып отыр» деп атап өтті. «Біз әкімдікке Шымкентте үй салуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз. Біздің компания құрылыс саласында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы жылдар бойы жинақталған тәжірибені Шымкентте салынатын үйлерде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Канг Джон-Дэ. Сондай-ақ, «Шымкент» ӘКК директоры Айтмұхамбет Алдажаров көптен күткен келісімге қол жетіп отырғанын, сапалы тұрғын үй кешендерін салудағы «Highvill» компаниясының жаңа ізденістерін оң бағалайтынын жеткізді.

     


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер