Шымкент - туризм қақпасы

480.jpg

Шымкенттегі «Риксос – Хадиша» қонақүйінде туризмді дамыту бағытында Visit Shymkent тақырыбында арнайы семинар-кеңес өтті. Оған өңірдегі мейрамхана қызметкерлері, туроператорлар мен қонақүй өкілдері қатысты. Келелі кеңесте сала жұмысын жандандырып, туристік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жайы сөз болды. Үшінші мегаполисте қазіргі таңда 97 мамандандырылған  туристік  ұйым  мен  100 қонақ үй  бар. Семинарға қонақүй иелерімен қатар танымал тренелер де шақыртылған. Қатысушылар туризмді түлету үшін  мейрамханалар мен қонақүй желілерінің ас-мәзірін дамыту керек, ең бастысы қазақтың қонақжайлылық қасиетін ұмытпауымыз керек деген ұсыныстарын жеткізді. Жалпы, оңтүстікке жылына 1 миллион 300 мыңнан астам турист келеді. Олар­д­ың басым көпшілігі -Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, Қытай, Германия және Италия азаматтары.

     Бүгінде аймақтық экономиканың қозғаушы күшін қалыптастыруда салмақты компоненттердің бірі – ішкі және сыртқы туризм. Еуропаның дамыған елдерінің көбісі осы мүмкіндікті өз пайдасына жаратуда. Шымкентте  ондай географиялық жағдай бар. Алдағы уақытта оны дамытуға да әлеуеті жетеді.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер