Баспана алу оңайлады

155.jpg    

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы Елбасының «5 әлеуметтік бастама» бағдарламасын жан-жақты талдап, жиын өткізді.  Іс-шарада  Шымкент  қалалық тұрғынүй, кәсіпкерлік және білім бөлімінің басшылары атқарылып жатқан жұмыстары бойынша есеп берді. «Кезекте 5 санат бойынша азаматтар тұр. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері 1-ші орында тұр. Бұл санат бойынша 100 пайыз қамтылған. 2-ші жетімдер - ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. Саны – 1753. Әлеуметтік жағдайы әлсіз топтар, көпбалалы азаматтар, толық емес, және де басқа мүмкіндігі шектеулі жандар 13 400 азамат тұр. Мемлекеттік бюджет мекеменің қызметкерлері 20 мыңнан астам... Соңғы 5-ші санатта үйі апатты деп танылған 30 адам кезекте тұр»,- дейді Шымкент қалалық тұрғынүй қатынастары бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров .

    Маңызды құжат 5 бастама қарапайым халыққа арналған бағдарлама. Әсіресе, «7-20-25» бағдарламасы панасыз жандарға нағыз көмек болмақ. Себебі жеңілдіктер көп. Мәселен бұрын пәтер несиесі 15 пайыз, алдын-ала төлеу үшін 30 пайыз болатын. Енді несие құны 7 пайызға төмендеді. 20 пайызын алдын ала төлесеңіз болғаны. Қарыздан құтылу мерзімі 15-20 жылдан 25 жылға ұзарды. Жиында жауапты басшыларға тұрғынүйге қатысты сұрақтар мен ұсыныстар берілді.

    Мамандардың мәліметінше өткен жылы 4 500 азамат баспанаға қол жеткізсе, биыл 5000-ы пәтер алу мүмкіндігіне ие. Бағдарламаға сәйкес, пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары  шілде айынан басталады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер