Цифрлы жүйе – сыбайластыққа жол бермейді

cifr.jpg

Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп Жолдауында нақты бағдар берген болатын. Осы орайда Шымкент қаласының білім бөлімі Елбасының «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында цифрлы жүйеге өтуге. Оған дәлел  үшінші мегаполистің барлық мектебі оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау ісін электронды жүйеге көшіргені. Салаға жауаптылар мұндай қадам республикада тұңғыш рет шымшаһарда жасалып отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ білім саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және есепке алу,  орындарын алмасу процестері автоматтандырылған. Қазір жоба аясында 98 172 өтінім келіп түсіп, 30 645 бала электронды өтініш арқылы балабақшаларға жіберілді. Сөйтіп, заманауи жүйе Шымкенттегі мектепке дейінгі 459 ұйымға енгізілді. Қазір қала мектептері тегіс - 100 пайыз  1-сынып оқушысын электронды тәртіппен қабылдайды. Бір ғана Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінде былтыр 225 бала осы жүйемен мектепке қабылданған. Шымкентте бұдан өзге кадр іріктеу, мектеп директорларын конкурс арқылы тағайындау ісі де осы бағдарламамен оңтайландырылған. Бұл уақыт аралығында 2 374 өтінім қабылданып, 1 010 ашық конкурс өткізілген. Нәтижесінде 654 кандидат жұмысқа орналасты. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін 80 пайызға жойса, келіспеушілік бойынша арыздарды 92 пайызға кемітті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер