Орталық саябақтың шырайы кірді

1461750314 (1).jpeg

Шымкенттегі бір ғасырға жуық тарихы бар орталық саябаққа биыл құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аумағы 8 гектарды құрайтын демалыс орнында бүгінде жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Сондай-ақ, мұнда 15 кісіге арналған 3 сәкі де қойылады.

Саябақта бүгінде 56 орындық пен бірнеше құты алмастырылып үлгерген. Ал ескі орындықтар мен құтылар қайта жөнделіп, қала сыртындағы демалыс орындарына, этносаябаққа және жаңадан қолға алынған шатқалдарға қойылады деген жоспар бар. Айта кетейік, бұл саябақтағы ағаштардың кейбірі - 100, кейінгілері 50-60 жыл бұрын егілген. Жыл сайын мұнда жүздеген жас-дарақ жерсіндіріледі. Былтыр саябақта 40-тан астам қылқан жапырақты ағаш пен 25 ақ қайың егілген. Жалпы биыл  Шымқаланың символына айналған қыр гүлінен 1 миллион 37 мың данасы егілді. Қаланы көріктендіруші мамандар гүлдіерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Мәселен қызғалдақтар ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде егілген.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер