Қошқар ата өзенінің аумағы кеңейеді

 ima.jpg

Шымқаланың қақа ортасынан бөліп өтетін Қошқар ата өзенінің жоспар бойынша биыл 1,6 шақырым жеріне абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда өзен бойы тазартылып, жағасына түрлі сәндік ағаштар егіледі, аяқжолдар мен жарықшамдар қойылмақ. Бүгінде аталған аумақта тиісті құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Қаладағы ирригациялық сулар құйылатын , ұзындығы жиырма шақырымды құрайтын Шымкент каналының жағдайы да қала басшылығының назарында. Қазір каналдың бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Ғабит Патшаханұлының айтуынша өзенді абаттандыру жұмысында бірқатар мәселелер туындаған. «Аталған аумақта үйлер кезінде ретсіз салынған. Қазір заңдастыру мәселелерін шешіп жатырмыз. Ол маңдағы 96 жер телімі мемлекетке қайтарылуы тиіс. Оның 26-сы үйлер, 14-і қосымша құрылыстар, 28 жер учаскесі және 33-і гараж»,- дейді Ғабит Мәуленқұлов.

  Айта кетейік, Қошқар ата өзені ерекше мәдени-тарихи маңызға ие, киелі мекен деп танылады. Себебі, өзен жағалауында Қошқар ата кесенесі орналасқан. 2010 жылы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін алды. Өзеннің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі аумаққа шамамен 1,5 шақырым жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды. Ал жалпы Қошқар ата өзенінің ұзындығы 78 шақырымды құрайды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер