Шымқалада биыл қоныс той көп болады

1529746208806434.jpg

Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаевтың «Шымкент сити» қалашығындағы үйлер болашақта Президенттің «7-20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға берілетінін мәлімдеді. «2017 жылы Шымкент қаласы бойынша 248 мың шаршы метр үй тапсырылыған болса,  ағымдағы жылы ол 186 пайызға өсіп отыр. Яғни биыл 464 мың шаршы  метр баспананы қолданысқа беру жоспарлануда. Оның  282 мың шаршы метрі көп қабатты тұрғын үйлер. Баспаналардың 68 мың шаршы метрі бюджет есебінен салынса, қалған 200 мыңдайы ұлттық компаниялар мен жеке инвестициялар арқылы салынбақ»,- дейді ол баспасөз конференциясында. Қазір «Шымкент сити»-де 427 шақырымды құрайтын 7 үлкен көше салынған. Инфрақұрылым жүйелері толық тартылған. Сондай-ақ 31 үйдің құрылысы басталып кеткен. Мамандардың мәліметінше 31 үйдің ағымдағы жылы 14-інде қоныс той болады деп күтілуде. Жаңа қалашықтың қазығы қағылған күннен бастап онда құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Элиталық қалашық толығымен пайдалануға берілген жағдайда ол үшінші мегаполистің мәртебесін одан әрі асқатата түсетіні анық.

Айта кетейік, қазіргі таңда  қаланың Бас жоспарын өзектендіру жұмыстары қолға алынған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер