Шатқалдар жайқалып тұр

000.jpg       

Шымқаланы көріктендіру мақсатында құрылған шатқалдарға мыңдаған көшеттер егілген болатын. Бүгінде жеті шатқалға егілген ағаш көшеттерінің дені жерсінген. Дарақтарды аптап ыстықтан сақтап қалу үшін 17 жерден жер асты ұңғымалары қазылып, төрт трансфрматор орнатылыпты. 26 су сақтайтын резервуар орнатылып 16 шақырым алқап қоршалған.  Алғашқы көшет былтыр қаңтар айында отырғызылған болатын. Бүгінде мұнда 12 мың түп тал дарақтар бар. Жауаптылардың айтуынша, ағаштардың 80 пайызы жерсінген. Қысы-жазы егілген сол ағаш түрлерін күтіп ұстау үшін тереңдігі 110 метрлік төрт ұңғыма қазылған еді. Бүгінде қараусыз қалған орындарды көріктендіру мақсатында қолға алынған шатқалдарға бөлінген 19 гектар жердегі көшеттер тамшылату әдісімен суғарылады.

      Қоғамдық ұйымдар мен жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттарға дейін жұмыла күш салған шатқалдардың бірі — «Самал» шатқалы. Оның жалпы аумағы 38 гектарды құрайды. Жартысына жуығы, яғни 19 гектары күзде игерілмек. Қазір 2  гектар жерге көкмайса егу үшін су жүйелері жүргізіліп жатыр. «ЛТД тұрмыс» ЖШС — нің мамандары жаздың аптап ыстығынан көшеттерді аман сақтап қалыпты. 25 жұмысшы осы жұмысқа арнайы жұмылдырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер