Мектепте ақша жинау тоқталады

78.jpg      

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің бастамасымен Шымкентте бейнеконференция өтті. Агенттік төрағасы О.Бектеновтың төрағалығымен өткен жиынға білім беру мекемелерінің басшылары жиналды.  Ұйымдастырушылар жиынның мақсаты мектептерде сыбайластықтың  тамырын шабу, жемқорлықпен күресу дейді. Мектепте үйірме мен қосымша сабаққа ақылы түрде я мәжбүрлі қатыстыруға, іс шараларға ақша жинауға тыйым салынған. Ата —  аналар комитетінің де ақша жинауға құқығы жоқ. Биыл жұмысы жанданған әр мектептегі қамқоршылық кеңесінің қызметі ресми заңдастырылуы қажет. Олардың өз есеп-шоты болуы керек. Бұл қоғамдық ұйымның жұмыстары туралы әлі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Шымкентте 134 мектеп болса, басым бөлігінің басшысы бүгінгі бейнеконференцияға қатысып, құзырлылардың сөзіне қанықты. Алдағы уақытта мектеп пен мұғалімге деген елдің құрметін арттырып, білім сапасын көтеруде жиында айтылған әрбір пікір маңызды. Мектеп басшылары осылай дейді. «Цифрлық Қазақстан». Осы жоба аясында келешекте бүкіл білім жүйесі де электронды форматта жұмыс істемек. Сөйтіп сыбайластықтың түп тамырына балта шабуға бұл да бір батыл қадам болады деп сенеді ұйымдастырушылар. Жиында әр өңірден жиналған тәжірибелі мамандар өзара ой бөлісіп, ұсыныстарын тастады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер