Балалар алаңшасы ашылды

5.jpg   

Үшінші мегаполисте балалар алаңшалары артып келеді. Жақында бүлдіршіндердің игілігіне тағы бір алаңша пайдалануға берілді.  Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Halyk Bank» биылғы "95 жыл - 95 игі іс" жоспары аясында демеушілік жасап, «Қарасу» шағынауданында балаларға арналған ойын алаңшасын салып берді. Осы маңдағы үй төрайымдары алғысын жеткізіп, балақайлар мəз-мейрам болысты. Ал Халық Банк қызметкерлері жыл соңына дейін түрлі бағыттағы игі іске демеушілік жалғаса беретінін айтты. Аудан əкімі Ғабит Мәуленқұлов «Қарасу» шағынауданында атқарылатын жұмыстардың əлі де көп екенін атап өтті. «Сенбілік жұмыстары барысында «Шымкент жасыл қала» жəне «ЛТД – тұрмыс» ЖШС мекемелерімен бірқатар жұмыстарды қолға алдық жəне оны алдағы уақытта жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша көпқабатты үйлердің ауласына да бірқатар ойын элементтері қажет. Өскен ағаштарды қырқу, абаттандыру жұмыстарында белсенділік танытуға жергілікті тұрғындарды да шақырамыз, – дейді аудан əкімі. «Отбасы» аллеясы Қошқар ата өзенін бойлай орын тепкен. Өте сəнді əрі саялы аллеяда үй жануарларын серуендетуге арналған алаңқай да бар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер