Мемлекеттік корпорацияның мамандары EGOV.KZ көмегі арқылы көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтерін алуды кеңінен насихаттау мақсатында акция өткізді. Іс-шара аумақтағы мамандандырылған ХҚО, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы автокөлік базары, автосалон және автодүкендерін қамтыды.
Елбасының «Ұлт Жоспары 100 нақты қадам» Жолдауы аясында ұйымдастырылған акция барысында 300 жуық автокөлік жүргізушілеріне кеңес берілді. Ауызша түсіндіру автокөлік иелеріне электрондық үкімет порталындағы толық нұсқаулар мен таныстырлымдар көрсетілген ақпараттық парақшаларды беру арқылы жүргізілді. Осылайша, ЭЦҚ өтінімін тіркеу, мобильді үкіметке тіркелу, айыппұлдар мен салықтарды төлеу жүйелері біртіндеп көрсетілді. Сондай –ақ, автокөлік иелері онлайн режимінде «Көлік құралдарын онлайн тіркеу» және «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету процесін қалай алуға болатындығын үйретті. «Акцияның мақсаты - электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін барынша ашу екендігін атап өтті. Азаматтар автокөлікті қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін мамандандырылған хқо-ға немесе ІІМ-нің тіркеу және емдеу бөліміне бармай-ақ ала алады. Бұл жүйе азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар мамандандырылған ХҚО жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді»,- дейді Мамандандырылған ХҚО басшысының орынбасары Ерқанат Тоқтамысов.