300 автобус алынады

2.jpeg

Халықының саны көбейген Шымқалада қоғамдық көлік мәселесі оңтайлы шешілуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев мегаполиске биыл 300 жаңа автобус алынтанын айтты. Маманның дерегінше, бүгінгі таңда қаладағы автобустардың 47 пайызы тозған, олардың пайдалану мерзімі 8 және 15 жылдан асқан. Осы мақсатта 1 мың автобусты алу көзделіп отыр. Оның 300-і биылғы желтоқсан айына дейін, ал қалған 700 автобус 2019 жылы алынады деп жоспарлануда.  «Шымкенттегі автобус паркін жаңалау үшін қоғамдық көліктердің қаржысын бөліп алу қарастырылуда. Бұл орайда қалалық әкімдік «БРК-Лизинг» АҚ – қостанайлық «Сарыарқа автопром» үшжақты меморандум жасалды. «БРК-Лизинг» АҚ арқылы бір мың автобусты 7 жыл мерзімге алғашқы жарнасы 15 пайыз, жылдық 7-8 пайыз ставкамен бөліп төлеуді ұсынды», – дейді сектор меңгерушісі.

 Айта кетсек, қазір қалада 26 көлік компаниясы 1090 кестемен қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта Шымкенттегі қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба алдымен 30 автобусқа енгізілмек.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер