Базарға ажар кірмек

57.png       

Бұған дейін сот шешіміне байланысты Шымкенттегі «Қырғы базар» маңындағы заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынған болатын. Төле би көшесінің бойында орналасқан сауда қатарлары бірнеше жылдар бойына өзекті мәселеге айналып келген. Сауда орындары мен дүңгіршектер жаяу жүргіншілер өткелін жауып және автөкөлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірген.

     Жауапты мамандар алдағы уақытта  «Қырғы базар» туристік аймаққа айналады дейді. Қараша айының соңында бұл аумақты үлкен өзгерістер күтіп тұр. «Қырғы базар»-дың кіреберіс алаңында жаңа гүлзар пайда болады, сондай-ақ кіреберіс қақпалары қалпына келтіріледі. Олар шығыстық үлгіде жасалынбақ. Жоспар бойынша, базардың алды ғана емес, базардың өзі де жаңа кейіпке енбек. «Бұл жер тұрғындарға қолайлы әрі жанға жайлы демалыс сыйлайтын аумақ болады деп көзделіп отыр. Мұнда келушілердің қауіпсіздігі үшін Face ID және Touch ID жүйесін іске қосу да жоспарда бар», – дейді әкімдік өкілдері.

  Айта кетейік, қаладағы базар басшыларымен түзілген меморандум аясында базар аумағында бос сауда орындары ұсынылып, қазіргі таңға 50-ге жуық саудагер «Қырғы» базарына 3 ай көлемінде ақысыз орналасқан болатын. Сондай-ақ, саудагерлерді жұмыспен қамту мақсатында тұрақты түрде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тізімі жолданып, жұмыс орындары ұсынылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде атқарылып жатыр.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер