Шымкент арбатқа кенде емес. Әйтсе де қала тұрғындары мен қонақтарына жанға жайлы демалыс орындары аздық етпейді. Осыны ескерген қала басшылығы жыл соңына дейін тағы жаңа Арбат пайдалануға берілетінін айтты. Көпшілік сейіл құратын келесі аймақ қала орталығындағы Бейбітшілік көшесінің бір бөлігі болмақ. «Қиял әлемі» саябағы жанынан орын тепкен көшені демалыс орнына айналдыру үшін қала қазынасынан 560 миллион теңге бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, келешекте мұнда велосипедпен серуендеу үшін арнайы вело жолақ салынбақ. Ал, көлік қатынасына шектеу қойылады. Ұзындығы 430 метрді, ені 35 метрді құрайтын демалыс аймағының құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Алайда, «Жасыл қала» ЖШС бұл нысанды көпшіліктің қолданысына ертерек тапсырмақ ниетте.» Бұл жұмыстардың барлығы жыл соңына дейін бітуі керек деп жоспарланған. Бірақ біз ауа райының қолайлылығын пайдаланып, одан ертерек бітірсек пе деп отырмыз, - дейді «Жасыл қала» ЖШС директорының орынбасары Назира Ибрагимқызы.
Мұнда суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады. Демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады.